50231
«Зауалды тосынсый». Нұр-Сұлтан тұрғыны баласының аттракционнан тұншығып қала жаздағанын айтты
«Зауалды тосынсый». Нұр-Сұлтан тұрғыны баласының аттракционнан тұншығып қала жаздағанын айтты
Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны астанадағы бақтардың бірінде орнатылған аттракционда қызы тұншығып қала жаздағанын айтып, шағымданды. Бұл туралы ол «Астана, хочу похвалить, пожаловаться» Facebook тобында жазды.
«Бақтарымыздағы аттракциондарды кім бақылап отырады? Балаларға арналған 700 теңгелік қақпан қоймас бұрын. Өте қауіпті нәрсе, мына ленталардың ішінде адасуға болады. Менің балам сондай жағдайға тап болды. Ата-аналар, балаларыңызға абай болыңыздар», — деп жазды Елена Лукина.
Әлеуметтік желідегі жазбасымен қоса қала тұрғыны қызы жарақаттанған аттракционның фотосын да жариялады. Қауіпті аттракцион – «Лента лабиринт» деп аталады. Оның жарнамалық маңдайшасында «Тосынсыйыңды тап! 700 теңге» деген жазуы бар.