50266
Перуде бір айда коронавирустан он мыңға жуық адам қайтыс болды
Перуде бір айда коронавирустан он мыңға жуық адам қайтыс болды

Перуде сәуір коронавирустан ең көп адам қайтыс болған қасіретті айға айналды. Associated Press агенттігінің хабарлауынша, бұл елде өткен айда 9 жарым мың тұрғын ажал құшқан.
Сарапшылар өлім-жітім бұдан да көп болуы мүмкін деп ескертті. Ел астанасы Лимада адам жерлейтін орын табылмай жатыр. Тұрғындар көз жұмған жақындарын қайда қоярын білмей әлек. Жалпы Лимада 65 зират бар екен. Бірақ олардың 20-сында санитарлық лицензия жоқ. - Перу бай ел ғой, бірақ өкінішке қарай, халқымыз қырылып жатыр. Құрбандарды кез келген жерге жерлеуге мәжбүрміз. Ауруханалар да лық толы. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, халық коронавирус жұқтырған туысын жатқызу үшін жансақтау бөліміндегі бір орынды бүйректеріне, көліктер мен жер телімдеріне айырбастауды ұсынып жатыр.