50179
Қазақ-қытай шекарасында жер сілкінді
Қазақ-қытай шекарасында жер сілкінді
Жер сілкінісі Алматы уақытымен 8.53-те тіркелді, эпицентр екі елдің шекарасында орналасқан
Қазақстандық сейсмологтар Қазақстан мен Қытай шекарасында, Алматыдан шығысқа қарай 320 шақырымда жер сілкінісі болғанын хабарлады. Ақпарат сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедиция сайтында жарияланды.
Жер сілкінісі 8 мамыр Алматы уақытымен 8.53-те болған.
"Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10.5. Магнитуда MPV 4.9", - делінген хабарламада.
Жерасты дүмпулерінің сезілгені туралы мәлімет жоқ.
Бұған дейін Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында магнитудасы 5,2 жер сілкінісі болғаны хабарланған еді.