1254
Еліміздің сыртқы қарызы туралы жаңа дерек жарияланды
Еліміздің сыртқы қарызы туралы жаңа дерек жарияланды
1 қаңтардағы дерек бойынша еліміздің сыртқы қарызы 13,4 миллиард долларға жеткен. Егер бұл соманы 18,5 миллион халыққа бөлетін болсақ, онда әр тұрғынға шамамен 8 832 АҚШ долларынан (1 мамырдағы бағам бойынша 3 813 189 теңге) келеді, - деп хабарлайды newtimes.kz.
«Қазақстанның сыртқы қарызы - 163,4 млрд АҚШ доллары, оның 80%-ы АҚШ долларына, 4% -ы еуроға, 4% -ы теңгеге тартылды. Сыртқы қарыздың пайда болуы көбіне ірі мұнай-газ жобаларын іске асыру үшін Қазақстанға шетелдік тікелей инвестициялардың белсенді түсуіне байланысты. Әлемнің дамыған және дамушы елдерінің барлығында сыртқы қарыз бар. Егер қарыз алушы оны тұрақты табыс деңгейі мен өтімді активтердің болуына байланысты ұтымды өтей алатын болса, сыртқы қарыз экономикаға ауыр салмақ түсірмейді, – деп мәлімдеді Ұлттық Банк.