Оралда саябақтағы аттракционнан сегіз бала құлап, ауыр жарақат алды

Оралда саябақтағы аттракционнан сегіз бала құлап, ауыр жарақат алды

Оралда саябақтағы аттракционнан сегіз бала құлап, ауыр жарақат алды
ашық дереккөзі
Оралда қалалық мәдениет және демалыс саябағындағы аттракционда әткеншектен сегіз бала құлап, жарақат алды. БҚО денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқиға 2 мамыр күні кешкісін болған. «Жедел жәрдем сағат 19.36-да шақырылды. Барлығы 8 бала зардап шекті: 2014 жылғы қыз баланың денесі, жіліншігі көгерген. 2016, 2013, 2011 және 2012 жылғы екі ұл, сондай-ақ 2012, 2013 жылғы қыз балалар жабық бас-ми жарақатын алып, милары шайқалған. Оған қоса 2011 жылғы ұл баланың жіліншігі сынған. Бәрі де облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр», – деп хабарлады ведомстводан.