443
Бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты
Бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты
Бас санитар дәрігер карантин шектеулері туралы жаңа қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды zakon.kz.
Қаулыға сәйкес, вакцина алған азаматтар өзге елден келсе, ПТР-анықтамасы сұралмауы мүмкін. Бірақ вакцина алғанын растайтын құжаты болған жағдайда ғана.
Елге келген барлық адамдар нәтижесі шыққанына 3 тәуліктен аспаған ПТР тест қорытындысын (қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдерінде) көрсетуге міндетті;
Сovid-19-ға қарсы вакцина алмаған медицина қызметкерінен COVID-19 диагнозы расталған кезде үй карантиніне жатқызылып, оқшауланады. Оң нәтиже кезінде жұмыстан шеттетіледі және емделуге жіберіледі, теріс нәтиже кезінде өзінің міндетін атқаруды жалғастырады және 14 күн ішінде медициналық бақылауға жатады;
Соңғы 6 ай ішінде covid-19-ға қарсы вакцина алмаған және covid-19-бен ауырмаған мемлекеттік органдардың (ұйымдардың) және басқа да кеңселердің қызметкерлері (қашықтан жұмыс істеу мүмкін болмайтын қызметкерлерді қоспағанда) қашықтықтан жұмыс істеу форматына ауыстырылады.
Бұл мәдениет объектілері мен санаторий-курорттық мақсаттағы, демалыс үйлері мен мектепке дейінгі балалар ұйымдарының персоналына да қатысты.
Өнеркәсіп кәсіпорындары мен өндіріс объектілерінің жұмысшылары, оның ішінде вахталық әдіспен жұмыс істейтіндер, жұмысы өндіріс объектісінде болуды талап етпейтін, соңғы 6 ай ішінде covid-19-ға қарсы вакцина алмаған және covid-19-бен ауырмаған жұмысшылар да қашықтықтан жұмыс істеуге міндеттеледі.
Демалыс, іссапар немесе денсаулығына байланысты жұмыс орнында болмаған медицина қызметкерлері, медициналық жоғары оқу орындар мен колледждердің студенттері медицина ұйымдарына нәтижесі берілгеніне 3 тәуліктен аспаған ПТР тест анықтамасы немесе COVID-19-ға қарсы вакцина алғанын растайтын құжаты болған кезде жіберіледі.
Мешіттер, шіркеулер және басқа да діни объектілер аумағында ұжымдық діни іс-шаралар (оның ішінде "жұма намаз", күнделікті православиелік дұғалар және басқалар) ашық ауада, маска режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтаған кезде рұқсат етіледі.
Қаулы 2021 жылғы 3 мамырдан бастап күшіне енеді.