Алматы – Бішкек экономикалық дәлізі: 10 жылдық даму жоспары талқыланды

Алматы – Бішкек экономикалық дәлізі: 10 жылдық даму жоспары талқыланды

Алматы – Бішкек экономикалық дәлізі: 10 жылдық даму жоспары талқыланды
ашық дереккөзі
325

Алматы – Бішкек экономикалық дәлізі қадағалау кеңесінің отырысына ҚР ҰЭ вице-министрі Тимур Жақсылықов қатысты. Жиында дәліздің алдағы 10 жылға арналған даму жоспары талқыланды.

Орталық Азия Аймақтық Экономикалық Ынтымақтастық (ОААЭЫ) бағдарламасы ұлттық экономика министрлігімен, Алматы қаласы, Жамбыл және Алматы облысы әкімдіктерімен бірлесіп, «Алматы – Бішкек экономикалық дәлізін дамыту» (АБДБ) жобасы аясында екі қала мен іргелес аумақ экономикасының басым салаларын дамыту туралы кеңесті.

Ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов АБДБ-ның бағыттарын аумақтарды дамыту жоспарына  енгізу үшін халықаралық сарапшылардың ұсынысын қарастыру керек деп отыр.

«Қалалық жоспарды, ауыл шаруашылығы, білім, денсаулық сақтау, туризм, инфрақұрылым мен логистиканы, сондай-ақ табиғи апаттармен күресті дамыту керек. Дәліз Қазақстан мен Қырғызстан – Алматы және Бішкек қалалары, Алматы, Жамбыл облыстары, Шу және Ыстықкөл аумағын қамтиды», - деді Тимур Жақсылықов.

Сарапшылардың айтуынша, дәл осы аймақтарда экономикалық белсенділік пен халық тығыздығы төмен болып тұр. Шуда шаршы шақырым жерге 40 адам, Жамбыл облысында 7 адам сыяды. Салыстырып қарасақ, Алматы мен Бішкекте 5 адамнан келеді екен.

Осы және өзге мәселелерді шешуге арналған тапсырмаларды іске асыру үшін Азия даму банкі ОААЭЫ бағдарламасы аясында Экономикалық дәлізді дамыту жұмысын жалғасыруға дайын.

Отырыс қатысушыларының сөзіне сенсек, бірлескен жобаларды іске асыру басым секторларда экономика салаларын жаңғыруту қарқынын жылдамдатуға, экономикадағы құрылымдық реформаларды жүргізуге мүмкіндік береді.

Серіктес жаңалықтары