"Эйр Астана" Қытайға ұшатын рейстерді көбейтпекші
"Эйр Астана" Қытайға ұшатын рейстерді көбейтпекші
Алдағы жылдары «Air Astana» әуе компаниясы Қытайға ұшатын рейстердің санын көбейтуді жоспарлап отыр. Бүгінде аталған компанияның ұшақтары Бейжің мен Үрімші қалаларына ұшса, 3 жылдан кейін қосымша Қытайдың 4 шаһарына әуе рейстері ашылады. Бұл туралы Қазақстан-Қытай туристік форумында «Air Astana» АҚ президенті Питер Фостер мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.
Сондықтан, аталған компанияның басшысы Питер Фостер осы мүмкіндікті пайдалану үшін Қытайға әуе рейстердің санын көбейтпек.
«Бұл жобаны жүзеге асыру үшін не қажет? «Air Astana» тасымалдаушы ретінде 3 жылдан соң апталық рейстер санын 20-дан 60-қа дейін арттыруды жоспарлап отыр. Бүгінде біз Қытайдың Бейжің және Үрімші қалаларына ұшамыз. Ал 3 жылдан соң 4 қалаға, яғни, Сиань, Чэнд, Гуанджоу және Шанхай шаһарларына рейс ашуды жоспарлап отырмыз. Осы орайда Қазақстан мен Қытай арнайы келісімге келуін сұрап отырмыз. Сонымен қатар, біз Үкіметтен Қытай азаматтарын визалық рәсімді жеңілдетуді сұрадық. Яғни, біз мемлекеттен қытайлық азаматтарға елімізде 72 сағат визасыз жүруді ұсындық. Мұны жүзеге асыру қиындық тудырмайды. Қытай мұндай тәжірибені бұрыннан қолданып келеді. Яғни, қолында ұшаққа билеті бар Қытайда аялдаған азаматтар осы елде визасыз жүре алады. Ұшақтарымызда қытайлық жолаушылардың жағдайын жасау үшін барлығын жасаймыз. Біздің веб-сайт қытай тілінде жұмыс істейді. Сонымен қатар, қытай тілін меңгерген борт серіктерін іріктеп, жұмысқа қабылдап жатырмыз», - дейді «Air Astana» АҚ президенті.