Тәуелсіздік ескерткіштері − елдің жаңа бейнесі

Қайсы елге барсаң да алдыңнан асқақтай көрініп, назарыңды еріксіз бұратын нәрсе − сол елдің сәулет ескерткіштері мен мүсін өнерінің туындылары. Себебі содан елдің тегі мен тарихы, айбыны мен айбаты, рухы мен мінезі, өнері мен шеберлігі көрінеді.

Кеңестік кезеңде Қазақстанда сол кездің идеологиясына қызмет еткен тұлғаларға қойылған ескерткіштер мен коммунистік идеяны насихаттау орталықтары көп болды. Сондықтан мүсіндік және сәулет ескерткіштерін жасауда қазақ елінің өз қолтаңбасы анық байқалмады. Дегенмен еліміз тәуелсіздігін алғаннан бергі жерде тарихымызға қатысты кешенді сәулет ескерткіштері мен өз мүсіншілеріміздің қазақ хандары мен би-батырларын, ақындарын бейнелеген ескерткіштерінің қатары көбейіп, ел иесі, жер киесінің кім екені байқалатын жағдайға жеттік.

Әрине, күллі әлемнің есіне Египет де­генде Ғизадағы пирамидалар, Индия де­генде Тәж Мақал кесенесі түсетіні секілді Қазақстан дегенде Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі ойға оралатыны анық. Ал енді мүсін өнерінде АҚШ десе «Азаттық», Бразилия десе «Құтқарушы Христос» секілді алып мү­сін­дер ойымызда тұратыны секілді біздің елде де мүсін өнерінің шедеврлері дерлік туын­ды­лар жоқ емес. Тек соның түгелге жуығы кейінгі ширек ғасырдың ішінде жасалғанын айта кет­сек, тарих парағын азат ел ретінде қайта аш­қан жаңа Қазақстанда ұлт рухын көтеріп, ел еркіндігін бейнелейтін ерекше ескерт­кіш­тердің бостан елдің ақыл-ойынан шыққаны мақ­­таныш етуге тұрарлық. Олардың бәріне тәуел­­сіз таным, еркін шығармашылық ой тән дей аламыз.
Қазақ елі кеше-бүгін пайда болған ел емес, тарихтағы сабақтастықты еске алсақ, ұлы далада пайда болған мәдениет пен өркениеттің барлық құндылығы біздің түп негізімізден жеткен мұра саналады. Сол үшін тарих сахнасына қазақ ордасы болып кө­теріліп, аласапыран дәуірлерде бодандықтың қамытын киіп, бір жарым ғасыр жаттың өк­­­тем­дігіне еріксіз мойынсұнса да кезі келгенде тәуел­сіздігін қайтарып алған Қазақстан арғы ғұн­дар мен сақтар құрған империяның, бергі Түр­кі қағанаты мен Алтын Орданың жалғасы ретінде соларға тиісті нышандардың бәрін өз меншігі деп қабылдауға құқығы бар ел. Мұны саяси тұрғыдан ғана емес, тарихи-мәдени тұрғыдан да заңдылық деп санаудың маңызы зор. Ең кереметі, осыны қазақтың мүсін, сәу­лет өнерінің өкілдері жақсы түсінді. Соның нә­тижесі − Қазақстан тәуелсіздігінің құр­метіне 1996 жылы Алматыдағы Республика алаңын­да биік обелиск түрінде тұрғызылған Тәуел­сіздік монументі. (1996 жылы әйгілі Жел­тоқсан оқиғасына 10 жыл, ел Тәуелсіздігіне
5 жыл толуына орай ашылған бұл бірегей өнер туын­дысының авторлары − архитектор Шот-Аман Уәлиханов, мүсіншілері Нұрлан Далбай, Әділет Жұмабаев, сәулетшілері Қазыбек Жарылғапов, Қалдыбай Монтақаев, бас конструкторы Сергей Иванович Каламкаров).
Барлық жағынан қазақ қолданбалы өнерінің стилі анық байқалып тұратын «Тәуелсіздік» монументінің композициясы ерек­ше. Ұлттық өрнекпен көмкерілген текшелі діңгек тастардан құралып, биіктігі 28 метрге жететін монументтің жоғарғы жақ қапталына Қазақстанның елтаңбасы бейнеленген. Тас түғырдың үстіңгі жағына биіктігі 6 метр, қоладан құйылған қанатты барыстың үстінде оң қолында қыран құсы, сол қолында садағы, белінде қанжары мен асынып алған қорам­сағында алтын жебелері бар дулығалы жас сарбаздың асқақ тұлғасы ескерткішке ми­фо­логиялық жұмбақ сыр дарытып, тамырын те­рең тарихқа ие елдің айбыны мен айбарын танытып тұр.
Тәуелсіздік монументінің артқы жағы мен екі қапталын айнала орналасқан мү­­­сіндік-бедерлі бейнелерде қазақ халқының басынан өткен тарихи кезеңдерден сыр шертетін тұтас композициялық шешім бар. Со­нау сақтар дәуірі, Томирис заманы, әл-Фара­би дәуірі, Қазақ хандығының құрылуы, жоң­ғар шапқыншылығына қарсы күрес, ұлт-азат­тық қозғалыстары, ІІ дүниежүзілік соғыс, Жел­тоқсан көтерілісі мен Тәуелсіздіктің жа­рия­­лануы секілді кезеңдерді баяндайтын кө­рініс-суреттер бір-бірімен үйлесе жалғасып, қа­­зақ елінің мың жылдық тарихын өнер ті­лі­мен ұғындырады.
Қашанда үлкен істегі бірінші қадамның сәтті шығуы кейінгі жалғастырушылар үшін аса маңызды. Қазақ халқының тұңғыш рет өз тәуелсіздігіне аса үлкен құрметтің бел­гісі ретінде қойылған, сәулет және сұңғат өне­рінің ғаламат үйлесіміндей «Тәуелсіздік» мону­ментінің ерекше шығуы қазақ рухани әле­мінің бай екенін танытты. Жаңа дәуірдегі бір­неше өнердің жаңаша дамуына серпін бер­ген ескерткіштің халыққа өте қадірлі екенін бай­қататын тағы бір нәрсе – еліміздің бірнеше қа­ласына «Тәуелсіздік» монументінің көшір­месі орнатылған. Солайша өткен ғасырдың соңында жасалып, ұлттық сәулет өнерінің жәдігеріне айналған бұл ескерткіш тәуел­сіз­діктің бесігі – Алматы қаласының символына айналды.
«Тәуелсіздік» монументі ашылғаннан бір жыл кейін ел астанасы Арқа төріне көшіп, Ас­тана атанған жаңа қала тәуелсіз Қазақ­стан­ның елордасына айналды. Бүгінгі Нұр-Сұлтан қа­ласы жаңа ғасырдағы Қазақстанның аста­на­сы ғана емес, өзінің ерекше архитектуралық ғим­араттарымен әлем назарына ілінген сәу­летті қала екені белгілі. Солай болса да қа­ланың атын шығарған ерекше сәулет өне­рінің туындысы − «Бәйтерек» кешені. Сәулет құрылыс кешені, еліміздегі сәулет өнерінің бірегей туындысы саналатын бұл мону­менталдық кешен Қазақстанның Тұң­ғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан На­зарбаевтың идеясынан туған. «Бәй­терек» кешенін Ақмырза Рүстембеков бас­таған жобалаушы сәулетшілер С.Ба­зарбаев пен Ж.Айтбалаев жа­саған, инженер-конструк­торы М.Вахштейн, интерьер дизайншысы А.Оспанов. Кешеннің жобасын жасауға «Аэропорт» ААҚ, «ЭМК» ЖШС, «Архфонд» ЖАҚ, Архитек­торлар одағы және «Алуа» ЖШС секілді қазақстандық жетекші фирмалардың мамандары қатысса, ал құрылысын «Имсталькон» ААҚ құрылыс компа­ния­сы салды.
Бейбіт өмір мен ке­лі­сімде өмір сүруді қол­­­­дай­тын Қа­зақ­стан хал­қы­ның ғұмырлық ізгі мұ­ратын білдіретін «Бәйтерек» ке­­шенінің биіктігі – 97 метр. Ол бұрынғы Ас­та­на, қазіргі Нұр-Сұлтан қа­ласының елорда бол­ған жылын (1997) білдіреді. Металл, әйнек және бетоннан жасалған бұл кешен биіктігі 105 метрлік бес жүздей металл қа­далардан жасалған. Диаметрі 22 метрлік жә­не салмағы 300 тон­на­дан тұратын күннің түсуіне қарай түсін өз­гер­тетін «хамелеон» әй­негінен жасалын­ған шар әлемде ең биік­ке орналасқан шар ретінде рекордтық көрсеткішке ие болды. Үш бөліктен тұратын (жерасты − тамыр жаю, жерүсті − өсу, өркендеу) «Бәй­теректің» ең жоғары жағында «Аялы алақан» композициясы бар. Оған қол табы тигенде алақанға жарық құйылып, Қазақстанның мемлекеттік Әнұраны ойналады. Бүгінгі Қазақстанның өсіп, дамуының нышанындай «Бәйтерек» кешенінде келушілердің демалып оты­рып, елорданы биіктен тамашалауға мүм­кіндік жасалған. «Бәйтерек» кешені бүгінде елор­дамыздың паспорты іспеттес және ол қазақ ақыл-ойынан туған ғажайып туынд­ы­лардың бірегейі.
Елордадағы тағы бір мәдени-архитек­тура­лық кешен «Қазақ елі» деп аталады. 2009 жылы аш­ылған бұл монументтің автор­лары − Сәрсенбек Жүнісов пен Жаңбыршы Нұркенов.
Аумағы 5,2 гектар жерді алып жатқан бұл ке­шеннің монумент тұрған орталық тұғыры 1 гектар жерге орналасқан. Ақ мәрмәрдан құйылған монументтің биіктігі – 91 метр. Бұл символикалық сан − Қазақстан Тәуелсіздігін алған 1991 жылды ишаралайды. Стелланың басына алтын түске боялған алып Самұрық құсы Қазақстанның бейбіт өмір сергек күзе­тіледі деген ойды білдіреді. Монументтің ақ түсті болуы – қазақ елінің достыққа берік адал, бауырмал болмысын танытатын белгі. «Қа­­­зақ елінің» сыртқы бөлігінде доға пішіндес 28 ақ колонна бар. Стелла осы ақ коло­н­на­лардың дәл ортасында қызыл граниттен жа­салған төрт қырлы тұғырға орнатылған. Бұл Қазақстанның дүниенің төрт бұрышына − Ба­тыс пен Шығыс, Оңтүстік пен Солтүстікке тең қарайтын әділ ел екенін айғақтайды.
«Қазақ елі» монументінің мәнін аша түсу үшін оны бірнеше барельефпен көмкерген. «Ха­лық және Президент» орталық барельеф­те Елбасы мен халықтың бейнесі бе­дерленген. Монументтің оң жа­ғындағы «Қаһармандық» деп аталған барельефте ерлік пен елдікке үндеген жыраудың, ат үстіндегі ел қорғаған сарбаздың және қолында автоматы бар жауынгердің елдің шебін күзеткен бейнелері орналас­ты­рылған. Бұл азат Отанды қор­ғау әрбір ел азаматының қасиетті борышы дегенді біл­ді­ре­ді. Монументтің батыс жақ бетіне орна­тыл­ған «Жасампаздық» барельефінде ғалымдар мен инже­нер­лер, металлург­тер мен ди­қандар бейнесінде Қа­зақстанның көшпелі дәуір­­ден ғарышқа ұшқанға дейінгі жолын бейнелейтін жасам­паздық жолы көрсетіл­се, шығыс жағын­дағы «Болашақ» ба­­рельефінде тәуел­­­сіз елдің пер­зенттері − ғылымда, мә­де­ниет­те, спортта үлкен жетіс­тік­тер­ге жетіп келе жат­қан қазақстандық жас­тардың болмысы сәулеленген. Бір сөзбен айтқанда, «Қазақ елі» ке­шені − тәуелсіз Қа­зақ­станның барлық жетістігі бірлік пен біртұтас­тық­­­та деген идея­­­ны бере­тін шығар­ма­шы­лық ізде­ніс­тен туған мо­нумент.
Бүгінде қазақ елін танытатын архитек­туралы кешендер көп. Соның бірі − Қызылорда облысындағы Қармақшы ауданы Жосалы кентінің солтүстік-батысында орналасқан Қор­қыт ата мемориалды кешені. Қорқыт ата – атақты ғалым Әлкей Марғұланның айтуы бойын­ша, VII-VIII ғасырларда Сыр бойында өмір сүрген, түркі халықтарына ортақ ұлы ой­шыл, жырау, қобызшы. Оның мазары Сыр бойын­да тұрған. «Түркістан 1866 – 1872» атты аль­бомда «Қорқыт күмбезінің» 1868 жылы тү­сірілген фотосы жарияланған. Кейін Қор­қыт ата мазарын Сырдың тасыған суы шайып кеткен.
Аты әлемге мәшһүр Қорқыт атаға арнал­ған алғашқы ескерткіш кеңестік кезеңде тұр­ғызылған. Сол кезде Қорқыт ата жерленген ай­мақтағы ауданға басшылық жасаған Елеу Кө­шербаев ұлы тұлғаға арналған ескерткіш жа­сатуға көп еңбек сіңіріп, нәтижесінде 1980 жы­лы архитектор Бек Ибраев (1947-2019) мен фи­зик-акустик Совет Исатаев (1932-2015) жо­басымен темірбетоннан жасалған биіктігі 8 метрлік 4 тік стелладан тұратын Қорқыт ата ескерткіші жасалған еді. Кейін Қазақстан Тәуелсіздігінің алты жылдығында − 1997 жы­лы ескерткішті жаңғырту жұмыстары жүр­гі­зіліп, Қорқыт ата ескерткіші амфитеатр, қылует, қошқар мүсінінен тұратын тұтас сәу­­леттік кешенге айналып, мүлде жаңа кел­бетке ие болды. 2000 жылы кешен жанынан Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиалы ретінде Қорқыт ата музейі ашылды.
Қор­қыт ата кешенін жетілдіру жұмыс­та­ры мұнымен де тоқтамады. 2014 жы­лы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті
Н.Назарбаевтың арнайы тапсырмасымен Қор­қыт ата мемориалды кешенін заманауи та­лаптарға сай етіп жетілдіре түсу үшін кешен­нің аумағы кеңейтіліп, онда абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Кешен аумағындағы ғи­мараттар үлкейтіліп, Қобыз ескерткіші 8 метрден 12,1 метрге биіктетілді. Сондай-ақ ке­шенде әкімшілік ғимараты, мешіт, тамақ­тану, демалу орындары салынды және мұнда жұмыс істейтін қызметкерлер де көбейді. Сөйтіп жаңа дәуірде жаңадан салынып, қайта жаңғырған Қорқыт ата кешені Сыр бойының ғана емес, тұтас мемлекетіміздің мақтанышы болатын сәулет туындысына айналды. Бұл да жаңа дәуірдегі Қазақстанның сәулет өнеріндегі жетістігінің бірі.
Жаңа ғасырда Қазақстанда ерекше сер­пінмен дамыған саланың бірі − мү­­сін өнері. Кеңестік кезеңде, мәселен Ал­ма­ты­да 1960 жылы ашылған Абай Құнан­байұлы­ның (Абай даңғылының бас жағында, Респуб­лика сарайының алдында, авторы Х.Нау­рыз­баев), 1980 жылы ашылған Мұхтар Әуезовтің (Қа­зақ академиясы драма театры алдына, мү­сінші Е.Сергебаев, сәулетшілер О.Бай­мыр­заев, М.Жақсылықов және А.Қайнарбаев) ес­керткіштерін айтпағанда, қаншама лайықты та­рихи тұлғаларымызға арналған жөнді мү­сіндер болған жоқ. Сондықтан мүсін өнерінің дамуы тәуелсіздік алғаннан бергі кезеңде болды деп батыл айта аламыз.
Кеңестік кезеңде бірен-саран әдеби шы­ғармаларда ғана суреттелгені болмаса, қазақты басқарған хандар туралы жөнді рес­ми мәліметтерді табу қиын болатын. Сон­дық­тан біз оларды әспеттемек түгілі көпшілік олар жайында анық ештеңе біле бермейтін. Ал 1991 жылдан кейін өзіміз туралы қорықпай айта алатын кез келгенде елді ел еткен, қа­зақ­ты жер бетінен жойылып кетуге жол бер­ме­ген хандарымыз туралы көптеген еңбек жарыққа шығып, олардың есімдері ұлықтала бастады. Бұл үрдіс мүсін өнерінде де жүрді. Соның нақты мысалының бірі − 2000 жылы Алматы қаласындағы 2-темір жол вокзалының алдына, Абылай хан даңғылының басына орнатылған Абылай хан ескерткіші (мүсіншісі Қазыбек Са­тыбалдин, сәулетшілері − Т.Ералиев, З.Бай­мағамбетов, В.Сидоров, қонструктор −
М.Еркінов). Авторлар ат үстіндегі айбарлы хан­ды керемет әсерлі бейнелеген. (Айтпақшы, бұдан бір жыл бұрын мүсінші Ю.Баймұқашев пен архитектор Т.Жұмағалиев жасаған Абы­лай хан ескерткіші Көкшетау қаласындағы ор­талық алаңға қойылған-ды).
Хандарға арналған ескерткіштің тағы бір көрнектісі 2011 жылы елордада ашыл­ған атқа мінген кейіпте бейнеленген Ке­несары хан ескерткіші болды. Мүсінші Нұрлан Далбай мен сәулетші Шот-Аман Уәли­хановтың қиялынан туған бұл туынды айбын­ды ханның ел тағдырына байланысты батыл шешім қабылдап тұрған кезін шынайы бейне­ле­ген. Қазақтың соңғы ханы Кенесары Қа­сымұлының (1802-1847) мұндай бейнесінің ел астанасында тұруының өзі еліміздің өз та­ри­хын мақтаныш ететінінің бір көрінісі деуге болады.
Күрделі кезеңде ел басқарып, қазақ та­ри­хында із қалдырған хандардың бірі Әбіл­қайыр Мұхаммед Қазы Баһадүр хан (1693-1748) болатын. Аламағайып кезеңде қа­зақтың бір бөлігін басқарып, елін өзгенің бо­дандығына бермеймін деп алысып өткен Әбілқайыр ханның тағдыры қиын болса да, ел есінде халқын қорғауымен қалды. Сондық­тан қазақтың Әбілқайырды құрметтеуі дұрыс еді. Соның белгісі − 2000 жылы Ақтөбе қала­сын­да облыс әкімшілігінің алдына қойылған Әбілқайыр ханның көрнекті ескерткіші (ав­торы – белгілі сәулетші Ескен Сіргебаев, сәу­ле­тшілері – Б.Егінбаев, Н.Қожағұлов). Сол қо­лымен атының тізгінін тартып, оң қолын жо­ғары көтеріп, халқына сөз арнап рух беріп тұр­ған ханның ат үстіндегі тұлғасы әсерлі шық­қан.
Уақыт жағынан кейін жасалғанымен, та­рихи орны жағынан барлық хан­дары­­мыз­дың алдында тұратын Керей хан мен Жәнібек хандардың ескерткіші бүгінгі Қа­зақ­станның арғы түбі − Қазақ хандығын құрған қос ханға ғана емес, мемлекетіміздің тарихына деген үл­кен құрметті білдіретін көшелілік, ірілік.
Алғашқы жобасы биліктің де, халықтың да көңілінен шықпай дайын тұғырға орна­тыл­маған қос ханның ескерткішіне кейін қайта кон­курс жарияланып, онда Ринат Әбенов атты жас мүсіншінің жобасы қолдау тапқан еді. Сөйтіп Керей хан мен Жәнібек ханның ес­керткіші 2010 жылдың бірінші маусы­мында елордада ашылды. Ашылу салтана­тында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Біз елорда­мыздың төрінде ұлысымызды заманындай ұйыстырған Керей мен Жәнібек хан­дар­дың ескерткішін ашып отырмыз. Бұл тұғырлы тарихы­мызға, қазақтық ел­дік дәстүрімізге, мызғымас мем­ле­кеттігімізге арналған мәңгілік белгі», − деп ескерткіштердің мән-маңызына зор баға берді.
Керей хан мен Жәнібек ханның тарихи еңбегі 2015 жылы өт­кен Қазақ хандығының 550 жылдығы тұ­сында да ерекше ескеріліп, тарихи дата ата­лып өт­кен Тараз қаласында «Қазақ хандығы» атты биіктігі отыз метрлік стелланың екі жағына екі ханның тақта отырған мүсіні қойылды.
Хандар ескерткішінен кейін­­гі тұлғалар − қазақ­тың атақты үш төбе биі Төле би (1663-1759), Қазыбек би (1667-1764) және Әйтеке биге (1644-1700) қойылған ескерткіш­тердің мәні зор. Қазақ елін сақтауда өз тұ­сын­дағы хан­дар­ға лайық­­ты кеңес­ші бо­лып, ел тұтас­ты­ғы үшін көп еңбек сіңір­ген дана да дара би­лердің мемле­кет­тілігіміз тари­­хында алар орны салмақты. Міне, осы тұлғалар­ға елор­дада 1998 жы­лы ашылған ескерткіш те еліміз­дегі аса та­нымал мүсіндер қатарында. Қазір осы ес­керткіштегі бейнелерді негізге алып жасалған мү­сіндер еліміздің көптеген өңір­лерінен де та­былады.
Абай, Шоқан, Ыбырай секілді ұлттық тұл­ғаларымызға арналған түрлі мүсіндер қойыл­са да, әлем таныған ұлы жерлесіміз Әбу Насыр әл-Фарабиге кейінгі кезге дейін лайықты ескерткіш орната алмай келдік. Дегенмен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті алдына 2010 жылы жылы қойылған әдемі ес­керткіш бұл тараптағы алғашқы қадам бол­са да, еліміздегі ең сәтті шыққан өнер туын­дыларының қатарында. Туынды авторы – талантты мүсінші Ескен Сіргебаев.
Мүсін өнерінде ең танымал жұмыстар қазақ батырларына арналғаны дау бол­маса керек. Үнемі ат үстінде бейнеленсе де әрқайсысы әртүрлі образда көрінетін қазақ ба­тырларының мүсінделуі әр автордың қол­таңбасына қарай түрленіп, өзгеше көркемдік шешімін тауып жатады. Мәселен, 1995 жылы Атырау қаласында ашылған Исатай-Махамбет (авторы Көпбол Демесінов) ескерткішінде атқа мінген батыр мен ақынның қатар тұруы ел бірлігінің символындай әдемі өрнек тапқан. Ал 2012 жылы жоңғарларға қарсы Жетісуда азаттық соғысын бастаған Райымбек батыр­дың ескерткіші де найзасын жоғары сілтеп, жауын жекпе-жекке шақырып тұрған сұсты бейнесі көрген адамға әсерлі-ақ.
2014 жылы Қызылорда қаласында те­мір­жол вокзалының маңында халық батыры Жанқожа батыр Нұрмұхаммедұлының ес­керткіші (ескерткіштің авторлары – А.Кенен­баев, Қ.Дулатов, Т.Серікбаев) бой көтерді. Сыр бойындағы халыққа пана болған, Қоқан, Хиуа, орыс патшалығына қарсы азаттық соғысының қаһарманы найзасын тік ұстап, халқы үшін бәйгеге басын тіккен жүрекжұтқан ердің бей­несінде тұр.
Елордадағы атақты Қанжығалы Бөген­бай мен ІІ Дүниежүзілік соғыстың қаһарманы Бауыржан Момышұлына, батыр қыз Әлия Молдағұловаға қойылған ес­керт­кіштер де еліміздің бас қаласында қазақ тари­хының қилы кезеңінен сыр шертетін өнер туын­дылары. Сондай-ақ осы қаладағы То­мирис патшайым ескерткіші де өзінің бө­лек­ше бейнесі, тың шешімімен таңғалдырады. Ал күй атасы Құманғазы мен қазақ әдебиетінің классигі Абай Құнанбайұлының тұғырдағы ай­бынды мүсіндері қазақ мәдениетінің алып­тарының құрметіне сай жасалған дей аламыз.
Адамның жүріп өткен жолы ізіне қараса бі­лінеді. Сол сияқты өткен уақытқа қарасақ, тәуел­сіздігі қайта оралып, азаттық алғанына 30 жыл енді толғалы отырған қазақ елінің ру­хани жағынан толысып, іргелі елге айналып келе жатқанын байқар едік. Оның бір көріні-сі − біз әңгіме өзегіне айналдырып отырған жаңа дәуірдегі сәулет, мүсін өнерінің дамуы.
Өнері өрелі елдің болашағы жарқын. Біз сол болашаққа тарихымызды қа­дір­леу мен тарихи тұлғаларымызды құрметтеу ар­қылы беттеп барамыз. Бұл жолда тын­дыр­ғанымыз аз емес, бітіреріміз одан да көп.

Редакция таңдауы

Неслихан ӨЗТҮРІК: Мұстафа Өзтүріктің қызы болу – зор жауапкершілік

Мұстафа Өзтүрік есімін білмейтін қазақ жоқ. Таэквондодан қара белбеу иегері. Халықаралық дәрежедегі жаттықтырушы. Өз ұлтын шексіз сүйген оғлан атажұртқа келіп, Қазақстандағы таэквондо (WTF) федерациясының...

Бельгердің бағасы

Үмітіңді үкілеген тұңғыш кітабыңның қуанышы жүрегіңді қалай жылытса, ол туралы баспасөз бетінде білдірген алғашқы пікір одан бетер жаныңа ыстық. Қара ормандай қаптаған оқырман түгіл,...

Тағзым мен тағылым ордасы

Еліміздегі техникалық жабдықтамасы озық музей­лер­дің бірі – Әскери-тарихи музейі. Ондағы экс­по­зициялар келген туристерді таң-тамаша қалдырады. Өйткені мұнда түрлі дәуірлердің тарихынан сыр шертетін әс­кери жәдігерлер...

«Аңсаған сәби»: квотаны неге мамандар емес, тендерлік комиссия бөледі?

Осыдан 43 жыл бұрын 1978 жылғы 25 шілдеде Ұлыбританияда ең алғашқы «құтыдағы» эко-бала Луиза Браун дүниеге келді. Бұл ғылыми жаңалық сәби сүюді аңсаған миллиондаған...
dron

Қазақ дроны сынақтан өтті

Бүгінде әлемдегі әскери күштердің басты қаруының бірі - ұшқышсыз ұшатын құралдар болып...
00001 0

Елбасы Түркістан туралы: Біз тіпті армандамаған ауқымды істі жүзеге асырдық!

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Түркістан қаласын өркендетудегі Елбасының...
black and red kyobi arts cool presentation 14

Неслихан ӨЗТҮРІК: Мұстафа Өзтүріктің қызы болу – зор жауапкершілік

Мұстафа Өзтүрік есімін білмейтін қазақ жоқ. Таэквондодан қара белбеу иегері. Халықаралық дәрежедегі...

Жаңалықтар

Қытайда коронавирустың қайта өрши бастағаны тұрғындар арасында дүрбелең туғызды

Қытайдың Аньхой және Ляонин процинцияларында COVID-19 жұқтырудың жаңа оқиғалары жергілікті тұрғындар арасында дүрбелең туғызып, коронавирусқа қарсы жаппай екпе салғызуына себепші болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат...

Новосібірде қабір қазудан чемпионат өтті (видео)

Новосібірде қабір қазудан жарыс өтті. Шарт бойынша, қатысушылар тереңдігі екі метрге жуық қабір қазуы керек. Қазылар алқасы қазу жылдамдығын, сапасын және техникасын бағалады. Қабірлердің мөлшерін тексеру...

Грузияда көз жұмған Әсел Айтпаеваның жездесі ұсталды

Грузияда көз жұмған Әсел Айтпаеваның өліміне күдікті ретінде оның жездесі ұсталып, қамауға алынды, - деп хабарлайды polisia.kz. Нұр-сұлтан қаласының полиция департаменті Грузияда қаза тапқан А.Айтпаеваның...

Қазақ дроны сынақтан өтті

Бүгінде әлемдегі әскери күштердің басты қаруының бірі - ұшқышсыз ұшатын құралдар болып отырған кезде өз қарулы күштерін осындай құралдармен жабдықтауды өз алдарына басты мақсат...

Өзбек әншісі Юлдуз Усманованың Израиль туралы айтқанына қатаң жауап берілді

Осы аптада Израиль мен Палестинаның бір-біріне оқ жаудырғаны белгілі. Соған байланысты әлемнің түкпір-түкпірінде бұл оқиғаға баға беріп, пікір айтып жатқандар көп. Міне осындай кезде...

«Ата-аналары алаяқты тәрбиелеген» деп полицияның намысына тигені үшін 20 күнге қамалды

Алматы облысында полицейлердің ар-намысына әлеуметтік желі арқылы нұқсан келтірген азамат 20 күнге қамалды. Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 мамыр күні Талдықорғандағы мамандандырылған...

Грузияда қаза тапқан Әсел Айтпаеваның ісін Қазақстанның Адам құқықтары жөніндегі уәкілі бақылауға алды

Қазақстанның адам құқықтары жөніндегі уәкілі Грузияда қаза тапқан Әсел Айтпаеваға қатысты істі өз бақылауына алды, деп хабарлайды «Хабар 24». Эльвира Әзимова қайғылы жағдайда қызынан...

Жеңіс Қасымбек биыл Қарағандыда кімдерге пәтер берілетінін айтты

Қарағанды обысының әкімі Жеңіс Қасымбек биыл өңірде үй кезегінде тұрған азаматтарға 250 пәтер берілетінін Facebook-тегі парақшасында жазды. «Бүгін жұмыс сапарымен Шахтинск қаласына барып, онда...

«Бүркітке тұрмысқа шығар алдында, Исламды қабылдап, Аиша атандым» – танымал өнер жұбы сырын айтты

Бүркіт пен Аиша Ләйлә Сұлтанқызымен болған сұхбатта бұрын айтылмаған сырларымен бөлісті. Сұхбат барысында Аиша Ислам дініне қалай бет бұрғанын айтты. Stan.kz сайтының жазуынша, Аиша...

Бір өңірінде карантин 30 мамырға дейін ұзартылды

Шығыс Қазақстан облысының бас санитар дәрігері аймақтағы шектеу шаралары туралы жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды облыстық ССК ресми сайты. Құжаттың мәтініне сәйкес, ШҚО-да карантин...

Экс-министр Біртанов тағы бір іс бойынша күдікке ілінді

Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов тағы бір іс бойынша күдікті деп танылды. Ақпаратты экс-министрдің адвокаты Нұрлан Бейсекеев растады, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Адвокаттың айтуынша, 11...

Air Astana: Әуе билеттері 50 пайыз жеңілдікпен сатылады

14-16 мамыр аралығында Air Astana әуе компаниясынан 50% жеңілдікпен Батуми, Бішкек, Душанбе, Киев, Ташкент, Тбилиси және Франкфурт қалаларына билет сатып алуға болады. Air Astana авиакомпаниясы...

Сәкен Майғазиев 91 тобының экс-солисі мен Ерке Есмаханның некелескеніне қатысты пікір айтты

Азамат Зенкаев пен Ерке Есмахан некелесіп, ерлі-зайыпты атанды. Бірақ бұл жаңалықты екеуі де жария еткен жоқ. Бұл туралы "Опмай-опмай" бағдарамасында айтылды, - деп хабарлайды stan.kz. Ерке жолдасынан...

«Америка үшін ұлы күн». Байден көпшілік алдында маскасын шешті

АҚШ президенті Джо Байден маскасын шешіп, бүгінгі күнді Америка үшін ұлы күн деп жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Reuters-ке сілтеме жасай отырып. АҚШ ауруларды бақылау...

Еліміздің кей аймақтарында 39 градус ыстық болады

Еліміздің 3 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасай отырып. 15 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі....

Нұр-Сұлтан мен Алматыда құжат жеткізу қызметі іске қосылды

"Азаматтарға арналған үкімет" Алматы мен Нұр-Сұлтанда дайын құжаттарды үйге жеткізу қызметін іске қосты, деп хабарлайды holanews.kz ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сервисте 144 қызмет бар,...

Зейнетақының орташа мөлшері 100 мың теңге болды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл басынан бері базалық зейнетақыны төлеуге 274,2 млрд теңге бөлінгенін хабарлады. 2021 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша елдегі зейнеткерлердің...

Еліміздегі «еститін» министрліктердің рейтингі жарияланды

Ұлттық экономика министрлігі, Энергетика министрлігі және Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі "халық үніне құлақ асатын мемлекет" қағидатын ұстанатын министрліктердің рейтингісінде көш бастады, деп хабарлайды...

ҰБТ-да 137 балл жинаған түлек мұғалім болуды армандайтынын айтты

"Ұлттық бірыңғай тестілеу – әрбір түлектің өміріндегі маңызды қадам. Дегенмен, негізгі мақсат – ҰБТ-ны жақсы тапсыру ғана емес, бастысы – өмірде өз орныңды тауып,...

«Бақытты келіншек» кітабы жарық көрді

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында журналист, телепродюсер, PhD докторы, көпбалалы ана Алма Сайлауқызының «Бақытты келіншек» кітабының тұсаукесері болып өтті. Деректі-мотивация жанрында жазылған бұл бірегей туындының тұсаукесері...

«Басын аялдамаға ұрған». Алматы облысында жасөспірім қызды аяусыз ұрып-соққан әйелдер іздестіріліп жатыр

13 мамыр күні кешқұрым Алматы маңында 16 жастағы қызды екі ересек әйел ұрып-соққан, - деп хабарлайды tengrinews.kz. Оқиға сағат 18:35 шамасында Боралдай кентінде Космонавттар көшесіндегі...

Грузияда қаза тапқан Әсел Айтпаевамен қоштасуға бүкіл ауыл жиналды

Грузия астанасында қайтыс болған 26 жастағы Әсел Айтпаеваның денесі жер қойнына берілді.  Оны ақтық сапарға шығарып салуға бүкіл ауыл тұрғындары келді, деп хабарлайды КТК. Басқа...

Мәдениет министрі Ақтоты Райымқұлова отставкаға кетуі мүмкін екенін мәлімдеді

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова орынбасары Сәкен Мұсайбековтің кінәсі дәлелденсе, отставкаға кету туралы өтініш беретінін айтты. Бұл туралы ол 14 мамырда өткен баспасөз...

60 млн теңге пара алған Антикор қызметкері 12 жылға сотталды

Антикор қызметкері 12 жылға сотталды. Сондай-ақ, ол өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме...

Үндістан Қазақстанның гуманитарлық көмегін алды

Қазақстан Үндістанға гуманитарлық көмек ретінде жеке қорғаныс құралдары мен өкпені жасанды желдету аппараттарын жіберді. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады. Жүк рейсі Делиге 14 мамырда...

Пабло Пикассоның суреті Нью-Йорктегі аукционда 103 миллион долларға сатылды

Пабло Пикассоның суреті Нью-Йорктегі аукционда 103 миллион долларға сатылды, деп хабарлайды echo.msk.ru. Аукционды "Кристи" аукцион үйі өткізді. Сауда-саттық басталар алдында сарапшылар "Терезе алдында отырған әйел"...

Маусым айынан бастап Алакөлге қосымша пойыздар қатынайды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Алакөл бағытында қосымша жазғы пойыздар іске қосылатынын мәлімдеді. 17 маусымнан бастап №457/458 «Семей-Достық» пойызы күнара қатынайды. Семей станциясынан – тақ күндері,...

Токио Олимпиадасына 53 лицензия жеңіп алдық – министр

Токиода өтуі тиіс жазғы Олимпиада ойындарында еліміздің спортшылары спорттың 30 түрі бойынша ел намысын қорғайды. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова бүгінге дейін 53 лицензия жеңіп...

Алматыда көлікпен жарысқан жастарға 1,6 млн теңге айыппұл салынды

Алматыда түнде жарыс ұйымдастырған жүргізушілерге 1,6 млн теңге айыппұл салынды. Алматы қалалық полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденовтың айтуынша, мұндай жарыстарды көбіне жастар ұйымдастырады. «Жастар қауіп төндіріп,...

Коронавирус: ғалымдар мұрынға себетін вакцина қашан тіркелетінін айтты

Ресейдің Гамалея орталығының ғалымдары әзірлеген коронавирусқа қарсы мұрынға себілетін вакцина 2021 жылдың соңында – 2022 жылдың басында клиникалық зерттеуге шығарылады. Орталық директоры Александр Гинцбург препарат...

«Ректорлар тізімі»: министр докторантураға түсу мәселесі туралы айтты

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов биыл докторантураға түсу емтихандары Ұлттық бірыңғай тестілеу пунктерінде өтетінін айтты. «Биыл докторантураға түсу емтихандары да ҰБТ-ға қойылған талаптар негізінде...

NASA диаметрі 200 метр астероидтың жерге жақындағанын ескертті

АҚШ-тың Аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі Ұлттық басқармасы (NASA) диаметрі 88-ден 200 м-ге дейінгі астероидтың жерге жақындағанын ескертті, деп хабаррлайды ТАСС агенттігі. NASA-ның жерге...

Өткен тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны 2,5 мыңнан асты

Қазақстанда өткен тәулікте 2549 адамның коронавирус жұқтырғаны расталды. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 452, Алматы қаласы - 557, Шымкент қаласы - 125, Ақмола облысы -...

14 мамыр: маңызды оқиғалар күнтізбесі

1869 жылы 14 мамырда Ақтөбе қаласының іргетасы қаланды. 1869 жылдың 28 мамырында (ескіше қазақ күнтізбесі) басталған. Бұл күні «Ақтөбе» деп аталған әскери бекінісінің негізі...

Анасымен ұрсысып қалған: Таразда мектеп оқушысы үйінен қашып кетті

Жамбыл облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қыздың жоғалғанын полицияға анасы хабарлаған. Жасөспірім отбасындағы жанжалдан кейін үйден шығып кеткен, содан қайтып оралмаған. «Кәмелет жасына толмаған қызды Жамбыл...

БҚО-да киіктер неден қырылуы мүмкін – министрлік пікір білдірді

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Батыс Қазақстан облысында киіктердің жаппай қырылуының болжамды себебін атады. 2021 жылдың...

Сот шешімі: Атырауда анасына қол көтерген азамат қамалды

Атырауда анасын ұрған ер адам 10 күнге қамалды. Облыстық полиция департаментiнің мәліметінше, 46 жастағы ер адам ішімдікке «тойып» алып, анасы қол көтерген. «Егде жастағы әйелден «102»...

Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады

«Қазгидромет» РМК 14-мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Бүгін солтүстік-батыс антициклоны әсерінен еліміздің басым бөлігінде күн жауын-шашынсыз болады. Тек республиканың солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронталды бөліктердің...

Үш жүз жетпістен аса ақбөкен неден қырылды?..

«Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданында өліп жатқан 372 ақбөкен табылды. Алдын ала болжам бойынша оларды жасын соғып өлтірген», − деп жазады azh.kz сайты. − Біздің...

Шығынға батқан қазақстандық әуе компанияларында қысқарту жүре ме?..

Биыл Қазақстанда авиация саласының шығыны 47,7 млрд долларға жетуі мүмкін. Еліміздегі әуе компаниялардың қаржылық көрсеткіштері осындай болжам жасауға мүмкіндік беріп отыр. Өткен жылы басталған пандемиядан...

Тағы біреу қазақ еліне аузына келгенін айтты және… кешірім сұрады!

Кейінгі кезде өзге ұлт өкілдерінің арасында қазаққа, Қазақстанға тіл тигізген бейнежазбасын әлеуметтік желіге таратып, кейін өкінетінін айтып кешіріп сұрап -  қайта бейнеүндеу жасай салуы...

Елбасы Түркістан туралы: Біз тіпті армандамаған ауқымды істі жүзеге асырдық!

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Түркістан қаласын өркендетудегі Елбасының еңбегі туралы жазды. Елбасының Түркістанға сапарының бағдарламасы өте мазмұнды болды. Үш жарым...

Қазақстандықтардың банктерден алған кредиттері тағы кешіріле ме?

Бұрын мемлекет бір реттік акция жүргізіп, әрбір қарыз алушының 300 мың теңге мөлшеріндегі борышын өтеуге қаржы бөлген-ді. «Дәндеген қарсақ құлағымен ін қазады» демекші, содан...

Телеграм мессенджерінің иесі Қазанда болған қайғылы оқиға жайында ойын айтты

Осы аптада Қазан қаласы Файзи көшесіндегі № 175 гимназияда қарумен келген 19 жастағы жігіт 8 сынып оқушыларына оқ жаудырып, соның салдарынан сегіз оқушы мен...

Депутат: Ұлттық Қордан қаражат алу – болашақ ұрпақтың несібесін жеумен тең

Депутат Азат Сембинов Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Премьер-Министрдің орынбасары Әлихан Смаиловқа депутаттық сауал жолдап, Ұлттық қордағы қаражат мәселесін көтерді, - деп хабарлайды kazgazeta.kz. Депутаттың айтуынша,...

Риддердегі өртті сөндірген құтқарушы: Киіміміз өртеніп, каскамыз балқыса да, тоқтамадық

Риддердегі алапат өртті ауыздықтағандардың бірі – №14 өрт сөндіру бөлімшесі бастығының орынбасары Ұлан Нұрмұхамбет. Азаматтық қорғаныс аға лейтенантымен ҚазАқпарат тілшісі сұхбаттасып, тілсіз жаумен қалай...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстан Президенті Ашраф Ғанимен телефон арқылы сөйлесті

Ауған тарапының бастамасымен телефон арқылы сөйлескен Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ашраф Ғани бір-бірін қасиетті Ораза айт мерекесімен құттықтады. Мемлекет басшысы достас ауған халқына бейбітшілік пен...

Қызғалдақ жұлған Шымкент тұрғынының айыппұлы азайтылды

Қызыл кітапқа енген сирек кездесетін қызғалдақты жұлған шымкент тұрғынына 9 миллион теңге айыппұл салынуы мүмкін деген ақпарат тараған болатын. Tengrinews.kz тілшісі іс немен аяқталғанын...

СҚО-да ер адам ауылдасының үйін өртеп жіберген

СҚО-да мас ер адам ауылдасының үйін өртеп жіберді, деп хабарлайды dknews.kz. 10 мамырға қараған түні М.Жұмабаев ауданында өрт шығып, Қарақоға ауылындағы тұрғын үйлердің бірі жанып...

Қазанда атыс ұйымдастырған Ильназ Галявиевтің денсаулығында кінәрат болған

Қазан мектептерінің бірінде атыс ұйымдастырған студентке өткен жылы мидың атрофиясы диагнозы қойылған. Бұл дерт дауасыз саналады, уақыт өте келе мидың жасушалары өліп, нейрондардың байланысы бұзылады. Медицина...

Неслихан ӨЗТҮРІК: Мұстафа Өзтүріктің қызы болу – зор жауапкершілік

Мұстафа Өзтүрік есімін білмейтін қазақ жоқ. Таэквондодан қара белбеу иегері. Халықаралық дәрежедегі жаттықтырушы. Өз ұлтын шексіз сүйген оғлан атажұртқа келіп, Қазақстандағы таэквондо (WTF) федерациясының...

Ashyq: Шетелден кімдер ПТР-тестсіз келе алады?

Ashyq қосымшасы бойынша жасыл түс статусы бар азаматтар шетелден келген жағдайда да ПТР-тест тапсырмауына болады, деп хабарлады ҚазАқпарат. Бұл туралы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті көліктегі...

Әуеде екі ұшақ соқтығысты

АҚШ-та екі шағын ұшақ қонар алдында соқтығысқан. Бірақ, екі әуе кемесі де сәтті қонып, қайғылы оқиға болған жоқ, - деп хабарлайды newdaynews.ru. АҚШ-тың көлік қауіпсіздігі...

Нұр-Сұлтан тұрғындары «Өз ағашыңды отырғыз» челленджін бастады

1 ағаш 1 жылда ауаны 27 кг ластанудан тазарта алады. «Бірге Таза Қазақстан» экологиялық айлығы аясында елорда тұрғындары тазалық пен денсаулыққа қамқорлық жасай отырып,...

Жылдың ең табысты спортшысы анықталды

Forbes журналы жылдың ең табысты спортшыларының рейтингін жариялады, деп хабарлады 24.kz  Prosports.kz сайтына сілтеме жасап. Тізімде UFC файтері Конор Макгрегор көш бастап тұр. Ирландиялық...

Жүкті әйелдер жәрдемақыны үйден шықпай рәсімдей алады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Электрондық еңбек биржасы (бұдан әрі – ЭЕБ) порталында жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік...

Оралда шашын боятуға барған әйел жансақтау бөліміне түсті

Орал қаласының тұрғыны салонда шашын боятамын деп жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты. Әйелдің айтуынша, салон қызметкерлері алдын ала тексеріс жасамай, шашын бояған. «Уральская неделя» басылымының жазуынша, Зульфия...

Денесін күйік шалып, көз жұмды: әкесі 3 жасар қызын қайнаған суда отыруға мәжбүрлеген

Ливияның Адждабия қаласында үш жасар қызды әкесі бір сағаттан астам уақыт қайнаған суға отыруға мәжбүрлеген. Oл осылайша баланың диареясын емдегісі келіпті. Kznews.kz сайтының жазуынша, алдымен әкесі...

Орталық Азия елдері су жинау лимитін бекітті

Орталық Азия елдері су жинау лимиттерін және Нарын-Сырдария су қоймаларының вегетациялық кезеңге арналған жұмыс режимін бекітті. Мемлекет аралық су шаруашылығы үйлестіру комиссиясының 80-отырысы бейнеконференция форматында...

Қуатты қаламгер

«Көңіл аудар даналардың сөзіне, адал жанды өнеге тұт өзіңе» деп Жүсіп Баласағұн айтқандай, бүкіл өмірі үлгі бол­ған жақсының жақсы ісін айту, оны өмірге өнеге...

Бельгердің бағасы

Үмітіңді үкілеген тұңғыш кітабыңның қуанышы жүрегіңді қалай жылытса, ол туралы баспасөз бетінде білдірген алғашқы пікір одан бетер жаныңа ыстық. Қара ормандай қаптаған оқырман түгіл,...

Еліміздің 6 өңірі «қызыл» аймақта тұр

13 мамырдағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды. «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары. «Сары» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы,...

Тағзым мен тағылым ордасы

Еліміздегі техникалық жабдықтамасы озық музей­лер­дің бірі – Әскери-тарихи музейі. Ондағы экс­по­зициялар келген туристерді таң-тамаша қалдырады. Өйткені мұнда түрлі дәуірлердің тарихынан сыр шертетін әс­кери жәдігерлер...

«Аңсаған сәби»: квотаны неге мамандар емес, тендерлік комиссия бөледі?

Осыдан 43 жыл бұрын 1978 жылғы 25 шілдеде Ұлыбританияда ең алғашқы «құтыдағы» эко-бала Луиза Браун дүниеге келді. Бұл ғылыми жаңалық сәби сүюді аңсаған миллиондаған...

Тұғыры берік Түркістан идеясы

Түркістан деген бір сөздің бойында мыңдаған жыл мен миллиондаған халықтың тарихы тұр. Ол − бір кезде тұтас Еуразия құрлығына әмірін жүргізген империялар мен бүгінгі...

Фракция – партияның сенімді тірегі

Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауы­нан соң жоғары заң шығарушы және жергілікті уәкілетті органдарда «Nur Otan» партиясының жаңа депутаттық фрак­циясы қалыптасты. Бас партияның...

Тәуелсіздік күнтізбесі

1992 жылғы 13 мамырда Қазақстан мен Финлян­дия Республикасы арасын­дағы дип­ло­матиялық қарым-қаты­настарды бекіту туралы келісім жасалды. 1992 жылғы 14 мамырда Қазақстан Республикасы Пре­зиденті Н.Назарбаевтың Жарлығымен Ұлттық...

Білімнің бәсі биік болмаса…

Отыз жыл ішінде еліміздегі орта білім беру жүйесінде біраз реформа болды. Әсіресе соңғы 5 жылда білім саласына айтарлықтай көп өзгеріс енді. Атқарылған жұ­мыстар еленіп...

Бүгін Түркіменстаннан қандастардың екінші керуені көшіп келеді

2021 жылғы 13 мамырда Түркіменстан Республикасынан 256 қандасымыз «Түрікмендемиреллары» мемлекеттік агенттігі арқылы «Түрікменбашы-Болашақ-Жаңаөзен» бағыты бойынша Қазақстанға көшіп келеді. Бұл Түркіменстан жерінен атажұртқа ат басын бұрған көштің...

Сұрапыл кезеңде шыныққан әдебиет

Кеңестік кезеңде өзге гуманитарлық салалар сияқты көркем әдебиет те қатты саясиланған еді. Яғни, Кеңес үкіметінің саяси шешімдерінің бәрі әде­биетте көрініс тауып қана қоймай, насихатталып...

Ізгілікке үндейтін мейрам

Ораза айт – жүрекке қуаныш пен мейірім сыйлайтын, адамзат баласын ізгілікке, достық пен бауырластыққа, қанағат пен қайырымдылыққа үндейтін мейрам. Айт сөзі – мерекелеу, хал сұрасу,...

Ата-анасы қасында болмаған: Ақтөбеде 5-6 жасар екі бала суға батып кетті

Ақтөбе облыстық төтенше жағдайдар департаментінің кезекші бөліміне хабарлама 12 мамыр күні сағат 22:29-да түсті. Хабар берген адам 5 және 6 жасар екі баланың Ақтөбе...

Талайғы Түркістан. Елбасы көне шаһардағы жаңа нысандармен танысты

Түркістан – қашан да күллі түркі жұр­­тының алтын бесігі. Көне шаһар облыс орталығын ай­нал­ғалы көп өзгерді. Тарихи қаланы көр­мек­ке жан-жақтан ағылған­дар­дың қара­сы қалың. Елбасы Нұрсұлтан...

Мемлекет басшысы жер қатынастарына қатысты заңға қол қойды

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, – деп хабарлады...

Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

13 мамырда Қазақстанның батыс, шығыс және солтүстік-шығыс бөліктерінде құбылмалы ауа райы сақталады: жаңбыр жауып, найзағай болады, – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК. Республиканың қалған аймақтары...

13 мамыр: еліміздің тарихындағы маңызды оқиғалар күнтізбесі

1930 жылы 13 мамырда СССР ХКК қаулысымен ҚарЛаг құрылды. Ол үшін Қарқаралы округінің аумағында 110 мың гектар жер берілді. Қарағанды лагері басқармасы Қарағандыдан 47...

Президент халықты Ораза айт мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады, – деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. «Ардақты ағайын! Баршаңызды Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Рухани тазару мен...

Нұрсұлтан Назарбаев: Ораза айт барша қазақстандықтарды біріктіретін мереке

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ораза айт мерекесімен құттықтады, – деп хабарлады elbasy.kz. «Құрметті отандастар! Сіздерді Ораза айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Ұлық мереке...

Мемлекет басшысы Жапонияның Премьер-Министрімен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияның Премьер-Министрі Ёшихидэ Сугамен телефон арқылы сөйлесті, – деп хабарлайды Ақорда. Екі ел басшыларының бірінші рет сөйлесіп отырғанын ескеріп, Қасым-Жомарт Тоқаев...

Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алуға қатысты жаңа ережелер

Қазақстандықтар тұрғын үй сатып алу үшін берген несие ақшасын жұмыс берушіге қайтару үшін зейнетақы төлемдерін пайдалана алады деп хабарлайды stan.kz сайты. Сатып алынған мүлік несие...

Қазақстан коронавируспен күреске 71 млрд теңге жұмсады

Қазақстан биыл коронавируспен күреске 71 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Оның көбі медицина қызметкерлеріне үстемақы төлеуге, медициналық көмек пен аурудың таралуын болдырмау шараларына жұмсалған...

Сұйытылған мұнай газы электронды сауда арқылы сатылады

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап сұйытылған мұнай газы электронды сауда алаңдары арқылы сатылады. ҚР Энергетика министрлігі 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап тауарлық газдың шекті көтерме...

Қытайдың халық саны 1,41 млрд болды

ҚХР Мемлекеттік статистикалық басқармасы бүгін Қытай тұрғындарының саны 1,41178 млрд адамға жеткенін мәлімдеді деп хабарлайды Қазақпарат. «Құрлықтық Қытайда халық саны 1,41178 млрд адамға жетіп, 2020...

Марат Сұлтанғазиев Қаржы вице-министрі болып тағайындалды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев Қазақстан Республикасының қаржы вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды. Марат Сұлтанғазиев 1976 жылы Алматы...

Қаржы вице-министрі қызметінен босатылды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Қанат Ескендірұлы Баеділов басқа жұмысқа ауысуына байланысты қаржы вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды. Қанат Баеділов 1967...

Мемлекеттік кірістер комитетіне жаңа басшы тағайындалды

ҚР Премьер-Министрдің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қаржы министрінің бұйрығымен Әли Сапарғалиұлы Алтынбаев ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Әли Алтынбаев 1979 жылы...

Қарағандыда терезеден құлап кеткен мем.қызметкердің өлім себебі анықталды

Қарағандыда қалалық әкімдік ғимаратының терезесінен құлап кеткен 37 жастағы қызметкердің өлім себебі анықталды. Жазатайым оқиғаны тергеп-тексерумен Қарағанды облысының Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы құрған арнайы комиссия...

Түркістан депутаттары 300-ден астам отбасыға азық-түлік үлестірді

Қасиетті Рамазан айында Түркістан облысы,  Сарыағаш ауданында игі іс атқарылды.  «30 ізгі іс» акциясы аясында Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, «Nur Otan» партиясының мүшесі Жомарт...

Көкшетауда із-түзсіз жоғалып кеткен мұғалім іздестірілуде

Көкшетау қалалық ПБ кезекшілік бөліміне СҚО ауылдарының бірінің 53 жастағы тұрғыны хабарласып, 1989 жылы туған ұлы Бақтияр Талғатұлы Теміржановтың хабарсыз кеткеннін айтқан. Өтініш иесінің...

Bek Air ұшағының апаты: Жерді заңсыз сатқандар сотталды

Алматы облысының Талғар аудандық соты бұрынғы шенеуніктер мен риэлторға Bek Air ұшағы апат болған Алматы әуежайының жанынан жерді заңсыз бөліп беру ісі бойынша үкім...

2026 жылдан бастап Байқоңырдан «Протон» зымыран-тасығышы ұшырылмайды

Цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрі Бағдат Мусин «Протон» зымыран-тасығышы ұшыру қай жылы толықтай тоқтайтынын айтты. Ресей тарапы «Байқоңыр» айлағынан «Протонды» ұшыруды қысқартып жатыр. «Жалпы,...

Түркістан облысында 5,5 мың бүлдіршін балабақша кезегін күтуде

Мәжіліс депутаты Қайнар Абасовтың төрағалығымен өткен кездесуде білім беру саласындағы кәсіпкерлер мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында нормативке сай төлем жүргізуге қаржы жетпейтінін айтып, мәселесін...

Бүгін – Халықаралық медбикелер күні

Медициналық мекемелердегі жұмыстың 80 пайыздан астамы медбикелердің мойнында. «Олар 24 сағат бойы пациенттерге қамқорлық жасайды – инфузия қояды, таңғышты ауыстырады, қысымды өлшейді, температурасы мен...

Депутат еңбек құқығы жөніндегі институт құруды ұсынды

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ерлан Смайлов жаңа саяси институт – еңбек құқықтары жөніндегі уәкіл институтын құруды ұсынды. «Жалдамалы жұмысшылар, еңбек адамдары – халықтың ең көп...

Грузияда қаза тапқан Әсел Айтпаеваның денесі елге жеткізілді

Грузияда қаза тапқан 26 жастағы Әсел Айтпаеваның денесі бүгін Қазақстанға жеткізілді, деп хабарлайды 24.kz. Марқұмды туыстары елорда маңындағы Қабанбай батыр ауылында жерлемек. Жас қыздың денесін...

Шымкентте қой бағып жүрген шопан граната тауып алды

Шымкент қаласында табылған гранатаға ұқсас жарылғышты полиция қызметкерлері залалсыздандырды, – деп хабарлады Polisia.kz. 11 мамыр күні жергілікті тұрғын қала аумағындағы ауылдардың бірінде қой бағып жүрген...

Екі айлық сәбидің өліміне қатысты тергеу ісі басталды

Солтүстік Қазақстан облысы Бәйтерек ауылында екі айлық сәбидің өлімі тіркелді. СҚО полиция департаментінің мәліметінше, оқыс оқиға 7 мамыр күні болған. Қызылжар аудандық полиция бөліміне таңғы...

Биыл ел бойынша 9 822 оқушы «Алтын белгіге» үміткер

Енді «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткерлердің емтихан жұмыстарын білім басқармалары жанындағы комиссиялар қарайтын болады. Мектептер бұрынғыдай оқу озаттарының тізімін өздері жасай алмайды, деп хабарлайды БҒМ...

Енді күнбағыс майы мен жұмыртқаның бағасы белгіленген шекті бағадан аспайды

Ішкі нарықта әлемдік баға өсімінің әсерін азайту мақсатында ішкі нарықты отандық тауарлармен толықтыру жұмысы жүріп жатыр. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Сауда және интеграция...

«Елжан Біртановты айыптауға қарсымын!». Әнші Қарақат Әбілдина үндеу жасады

Әнші Қарақат Әбілдина бұрынғы денсаулық министрі Елжан Біртановты жақтап, Instagram-дағы парақшасына көлемді жазба қалдырды, деп жазады Paryz.kz. Әнші Біртановқа жала жабылып отырғанына сенімді. "Жау алыстан келмейді" деген сөз...