Атырауда пандемияға қарамастан миллиондар бөлінетін іс-шара өткізілмек

Атырауда пандемияға қарамастан миллиондар бөлінетін іс-шара өткізілмек

Атырауда пандемияға қарамастан миллиондар бөлінетін іс-шара өткізілмек
ашық дереккөзі
238
Атырау облысының билігі спорттық мерекелерге 21,98 млн теңге жұмсамақшы. Бұл туралы Orda.kz Kaztag.kz-ке сілтеме жасап хабарлады.
– Тапсырыс беруші – «Атырау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі. Атауы – конференциялар/семинарлар/форумдар/жарыстар/корпоративтік/спорттық/мәдени мерекелік және осыған ұқсас іс-шараларды ұйымдастыру/өткізу бойынша қызметтер. Жоспарланған сома 21,98 млн теңгені құрайды, – делінген мемлекеттік сатып алу порталында орналастырылған лоттың сипаттамасында.  
Байқауға қатысуға өтінімдер қабылдау басталды және 6 мамырда сағат 15:32-де аяқталады.
– Спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу (салтанатты ашылуы мен жабылуы) бойынша қызметтер. Спорттық іс-шараны ұйымдастыру және өткізу бойынша қызметтерді ұсыну кезінде әлеуетті жеткізуші келесі талаптарды ескеруі керек: спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу (салтанатты ашылуы мен жабылуы) бойынша қызметтер – жеті рет; биіктігі 170 см-ден кем емес модельдік сыртқы киімдердегі қыздар; қазақ және орыс тілдерін жетік білетін диктор (қыздар/ерлер); тапсырыс берушімен іс-шаралар сценарийін дайындау және бекіту; келесі жабдықтар мен қызметтер, – делінген байқауға арналған техникалық сипаттамада.
Тіркелген сметадан жоспарланған жеті мерекенің әрқайсысы 3,14 млн теңгеге бағаланады. Оның 40 мың теңгесі екі модельге төленеді, 70 мың теңгесі жүргізушіге, қалған шығындар жабдықтар мен техникалық қызметкерлерге есептеледі. Барлық іс-шаралар 2021 жылы өтеді деп жоспарланған.

Серіктес жаңалықтары