СІМ Ресейде жүрген ҚР азаматтарына үндеу жасады

Ресей аумағында заңсыз жүрген қазақстандықтар 15 маусымға дейін ҚР ішкі істер органдарына жүгінуі қажет, – деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі.

Биылғы жылдың 15 маусымына дейін Ресейде заңсыз жүрген Қазақстан азаматтары аталмыш ел аумағында болуын заңдастыруы қажет. Ресей Федерациясы Ішкі істер министрлігі олай болмағанда РФ-дан кетуге міндеттер отыр.

ҚР СІМ ақпаратына сәйкес, Ресейде заңсыз жүрген азаматтар санатына келесілер жатады:

  • мүлдем тіркеуге тұрмаған;
  • уақытша тіркеуінің, уақытша болу рұқсатының және тұрғылықты тұруға рұқсатының уақыты өтіп кеткендер.

«Онымен бір мезгілде қазақстандықтар заңды негіздер болған жағдайда (жұмыс, оқу және т.б.) Ресейден шықпай, елде уақытша болу мерзімдерін ұзарту үшін ІІМ органдарына жүгінуге құқылы. Бұл жағдайда азаматтарға қатысты жауапкершілікке тарту шаралары қолданылмайды», – деді министрліктен.

Ал Ресейде болу мерзімін заңды түрде ұзартқысы келмегендер және елден өз еркімен кеткісі келмегендер елден мәжбүрлеп шығарылатын болады. Бұдан бөлек, РФ аумағына қайта кіруге шектеу қойылуы мүмкін.

Back to top button