Есіл өзені тасып, мыңға жуық саяжайды су алды

Есіл өзені тасып, мыңға жуық саяжайды су алды

Есіл өзені тасып, мыңға жуық саяжайды су алды
ашық дереккөзі
1217
СҚО-да Есіл өзенінің деңгейі қауіпті деңгейге жақындап келеді. Мамандардың айтуынша, алдағы бірер күнде меже шарықтау шегіне жетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қазгидромет» РМК Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының мәліметінше, бүгін таңғы сағат 8.00-де Петропавл маңындағы Есіл өзенінің су деңгейі 1009 см-ге жетті. Бір тәулікте тек 9 см-ге ғана көтерілген. Қауіпті деңгейге дейін 41 см бар. Облыс орталығында су тасқынының шарықтау шегі, мамандардың болжамынша, бүгін-ертең өтеді. Бұған дейін тасыған Есіл халықаралық маңызы бар «Челябі-Новосібір» күре жолын шайып кетсе, енді Заречный кентіне барар жолды су басты. Сондай-ақ 1 мыңға жуық саяжай учаскесі су астында қалды. Қызылжар ауданы Новоникольское елді мекені маңында Есіл өзені 25 сәуірде максималды деңгей – 1346 см-ге дейін көтерілді. Енді біртіндеп түсіп жатыр. Ал одан төмен орналасқан гидрологиялық посттарда әлі де өзен суы көтеріліп келеді. Мәселен, Долматово ауылының маңында 14 см-ге көтерілген. Облыстың шағын өзендерінде де, Сергеев су қоймасында да су деңгейі түсіп жатыр. Үлкен Тораңғұл көлінде жағдай тұрақты. Бір тәулікте су деңгейі өзгермеген.

Серіктес жаңалықтары