Шымкентте наразы әйелдер әкімдіктің алдындағы жолды жаппақ болды

Шымкентте наразы әйелдер әкімдіктің алдындағы жолды жаппақ болды

Шымкентте наразы әйелдер әкімдіктің алдындағы жолды жаппақ болды
ашық дереккөзі
370
Шымкент әкімдігіне барған жиырма шақты әйел баспана мәселесін шешуді сұрап, қала әкімі Мұрат Әйтеновтің шығуын талап етті. Түске дейін әкімнің шығуын күткен әйелдер талабы орындалмаған соң әкімдіктің алдындағы көшені жаппақ болды, - деп хабарлайды azattyq.org. Таңғы сағат ондар шамасында қала әкімдігіне келген наразы топтың арасында жүкті әйелдер мен баласын жетектегендер де бар көрінеді. Көбісі – жалғызбасты, көп балалы, мүгедек баласы бар аналар. Олар қолдарына "Баспана берілсін!" "Жәрдемақы. Әр бала басына 42 500 теңге бер!" деген жазуы бар плакаттар ұстап тұрды. Бірнеше рет "баспана берілсін" деп те айқайлады. Әнұран да айтқан. Шымкентте әйелдер бұдан бұрын да бірнеше рет баспана мәселесін шешіп беруді сұрап, әкімдікке алдына жиналған болатын.

Серіктес жаңалықтары