Электронды ақшаның қолданыс аясы мен болашағы

Электронды ақшаның қолданыс аясы мен болашағы

Электронды ақшаның қолданыс аясы мен болашағы
ашық дереккөзі
473
Ғылыми тәжірибемен АҚШ-қа барғанымызда, қолма қол ақша қолданысының шектеулі екенін байқадық. Ірі сауда орталықтары болмаса, басқа жерлерде төлем электронды жүйеде қабылданады. Кейбірі долларға қайтаратын ұсақ тиын таппай, дал болғанын да көрдік. Лос-Анжелесте метро жарықшасына салатын тиын таппай, ақша ұсатпақшы болдық. Бірақ маңайдағылардың қалтасынан тиын табыла қоймады. Ал бізде ше? Қоғамдық көліктердің өзіне электронды төлем қабылдау енгізілсе де, ұсақ ақшамен есептескенді қалайтындар саны көптеу. Дәл осындай жағдайды сауда-саттық орталықтарынан көре аламыз. Электронды картамен немесе электронды қапшықпен есеп айрысу бірнеше жыл бұрын енгізілсе де, жұртшылық бірінші банкоматтан қаржысын толық шығарып алып, қолма қол ақшамен төлеп жүргенді жөн санайды. Неліктен? Бұл сұрақтың жауабын әріден іздеген дұрыс. Сонау ықылым заманнан халық алтын, күміс, бағалы тастармен есеп айрысуға еті үйренген. Әйтеуір бір бұйымның қолда болуы міндетті көрінеді. Қағаз ақша да осы әдеттің қалдығы іспетті. Себебі, электронды ақша картада тұрғанымен, қолыңда жоқ. Оны шытырлатып санай алмайсың. Сондықтан ересек адамдар, әсіресе зейнет жасына жеткен қариялар қолма қол ақшаны жөн көреді. a200155fc39efb99303a41efc54e47c0Қазақстан аумағында электронды ақшаны пайдалану туралы 2011 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «ҚР Электронды ақша мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заңнамаға қол қойды. Қабылданған заң бойынша электронды ақша ұғымы енгізіліп, құқықтық мәртебесі де айқындалды. Заң бойынша электронды қаржы жіберу басқа да төлем құралдары, яғни төлем картасы, вексель, төлем сенімхаттары сияқты банк операциялары арқылы жүзеге асырылатын болды. Сондай-ақ, қазіргі таңда республика аумағында 8 қазақстандық электронды ақшы жүйесі бар, олардың эмитенттері ретінде 6 банк белгіленген. Солардың бірі - «Қазақстанның банкаралық есептесу орталығы», эмитенті – «Эксим банк» АҚ мен «Хоум кредит банк» АҚ. Woopay, эмитенті – Евразийлық банк,  Visa Qiwi Wallet, эмитент – AsiaCredit Bank, Tau-tenge, эмитент — Эксимбанк Казахстан. Қазақстан Республикасы заңдылықтарына сәйкес электронды қаражатты алу мен пайдалану үшін жеке тұлғаларға ешқандай кедергі жоқ. Бірақ белгіленген шектен аспауы тиіс, мысалы 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде болуы тиіс. Осы шектеуден асатын операциялар кезінде клиентке идентификация жасалады да, банк-эмитенттың құжаттарын көрсетуді талап етіледі. Қазіргі таңда Қазақстанның электронды қаражат нарығы енді дамып келеді. Былтыр электронды қапшықты қолданушылардың саны 1 миллионнан асты. Аудитория мен көрсетілетін қызмет аясы да кеңейтілуде. Бірақ қаражаттың бұл түріне деген сұраныс оның ыңғайлы қолданысында. Сонымен қатар уақытты үнемдеуінде. Қазіргі таңда ең қымбат уақытымызды ұтымды пайдалану үшін базар араламай-ақ, керек-жарақты ғаламтор желісі арқылы электронды қаражатпен есептесу арқылы алуға болады.                                      10-1Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банк төрағасы: - Қазіргі таңда транзакция жүргізу мен құнды қағаздардың меншік құқын растау үшін Blockchain”технологиясын қолдана отырып қысқамерзімді құнды қағаздар шығару жобасы белгіленді. Құнды қағаздарды сатып алу, сату операциялары бойынша есеп айрысу заманауи төлем жүйесі – электронды қаржы арқылы жүзеге асады. Бұл жобаның тиімді тұсы – құнды қағаздар бойынша келісімді онлайн режимді жүргізуге болады, яғни ортада алыпсатар болмайды, бұл ашықтық пен қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Қазақстанда қаржы секторының сұраныстарына ұтымды жауап беретін төлемдік инфрақұрылым құрылды және жұмыс істейді. Ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуына және жаппай енгізілуіне байланысты төлем нарығының осы сегменті дамып келеді. Біз қазірден бастап интернет пен мобильді төлемдердің жыл сайынғы 50 пайыздық өсімін байқап отырмыз, яғни төлемдерді жүргізудің дәстүрлі әдістерінен төлемдерді қашықтан жүргізу арналары мен балама тәсілдерін пайдалануға көшу орын алатын болады. Бизнес пен халықтың бұдан да жедел төлемдерге деген өсіп келе жатқан сұранысын қанағаттандыру үшін Ұлттық банк банктердің әр түрлі инновациялық сервистерін – бірсәттік төлемдер, мобильді төлемдер, электронды қаражат арқылы төлемдер енгізу жөніндегі алғышарттары мен талаптарын құру үшін банкаралық төлем инфрақұрылымын түрлендіру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізеді.      

Серіктес жаңалықтары