Жамбыл облысында әлдебір жыртқыштан бүтін бір ауылдың үрейі ұшып отыр (видео)

Жамбыл облысында әлдебір жыртқыштан бүтін бір ауылдың үрейі ұшып отыр (видео)

Жамбыл облысында әлдебір жыртқыштан бүтін бір ауылдың үрейі ұшып отыр (видео)
ашық дереккөзі
Жамбыл облысында белгісіз жануар бүтін бір ауылдың үрейін ұшырды. Кеше түнде жұмбақ жыртқыш бір үйдің 13 бас қойының тамағын орып кеткен. Ол жабайы ит пе, әлде түз тағысы ма, оны әзірге ешкім білмейді, деп хабарлайды ktk.kz. Тұрғындар ит-құс па деп күдіктенеді. Ал мұндай жағдай бұған дейін де болған. Уақ мал түгілі, ірі қараның өзіне шабуыл жасалған. Түрксіб ауылындағы жағдай көпті шошытты. Екі күн бұрын жабық қорадағы 13 бас қой қансыраған күйде табылған. Бәрін тамақтаған ит пе, итқұс па, белгісіз. Не болса да жемтігін ермекке өлтірген тәрізді. Қарнын ақтарып, жегенін жеп, жемегенін шалажансар қалдырған. Белгісіз жыртқыштар ірі қараға да ауыз сала бастаған. Бір апта бұрын ауыл тұрғыны Әсима Айнабекованың құлынын белгісіз жыртқыш талап өлтірген.    Тұрғындар құлынды қаңғыған иттер өлтірген десе, кейбірі оған сенбейді. Өйткені сол белгісіз жыртқыш анау-мынауыңа бой бере бермейтін сиырға да шабуылдаған. Бірақ иесі далаға дер уағында шығып, зеңгі баба тұқымын қорғап қалған. «Байлаулы тұрған құнажынымды басып еді, таяқ алып шығып едім, өзіме қарай шапты. Бала-шағамызбен зорға ажыратып алдық. Ертеңінде балайлаулы тұрған итімді де талап өлтірді. Бүгін таңнан бері ауылда ит аулаушылар өріп жүр. Олар көзге түскен жабайы иттің бәрін атып тастады. Небәрі үш сағаттың ішінде 32 бұралқыны өлтірген. Дегенмен ветеринар мамандар төрт түлікке шапқан қаңғыған иттер дегенге сенбейтін тәрізді» дейді Түрксіб ауылының тұрғыны Күләш Көбеева. «Қазір бізде жабайы иттер деп дәлелдейтін мәлімет жоқ. Ит тартқанын да білмейміз. Мәселе сонда болып тұр. Өйткені қораға келгенде, көршілердің үйін жағалағанда ешқандай қан басқан итті көрмедік. Атылған иттің терісінде де қан жоқ. Мұны естіген ауыл жұртының бойын үрей биледі. Олар түнде түзге, күндіз көшеде шығудан қалдық» дейді Жамбыл ауданы ветеринария станциясының директоры Сәкен Нұржаубаев. Бұқара билік өкілдерінен жұмбақ жануарды тез арада анықтап көзін жоюды талап етеді. Ауыл әкімі көпті сабырға шақырып әлек. Шенеуніктің сөзінше, болған жағдайға күндіз байлаулы итін түнде босатып жіберетін тұрғындардың өзі кінәлі көрінеді. «Тұрғындардың өз иті ме деп ойлаймыз. Бақшалары бір-бірімен жанасып тұр, ортасында шарбақ та жоқ. Түнде итін босатып жібереді. Сол иттердің тірлігі ме деп ойлаймыз» дейді Басағаш ауылының әкімі Бейбіт Нығматуллаев.