Министр Жеңіс Қасымбектің жалақысы қанша?

Министр Жеңіс Қасымбектің жалақысы қанша?

Министр Жеңіс Қасымбектің жалақысы қанша?
ашық дереккөзі
416
ҚР Инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек жалақысы қанша екенін айтты, - деп хабарлайды. ОКҚ брифингінде сөйлеген сөзінде министр тілшілердің сұрағына жауап берді. БАҚ өкілдері оның лауазымы жоғарылағанына байланысты жалақысының қаншалықты өскенін сұрады. "Жалақымды айтар болсам, салықты есептемегенде, 960 мың теңге қолға аламын", - деді министр. Сонымен қатар, инвестиция және даму министрі жұмысқа елімізде өндірілген KIA қызметтік көлігімен келіп-кетіп жүргенін айтты. "Қызметтік KIA автомобилімен жүремін, өздеріңіз көрсеңіздер болады, Шығыс Қазақстанда шығарылған. Ал костюмім қазақстандық емес", - деді Жеңіс Қасымбек.

Серіктес жаңалықтары