Мемлекет басшысы көлік қозғалысын басқару мәселесіне тоқталды

Мемлекет басшысы көлік қозғалысын басқару мәселесіне тоқталды

Мемлекет басшысы көлік қозғалысын басқару мәселесіне тоқталды
ашық дереккөзі
Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің өңірлерінде көлік қозғалысын басқарудың бірыңғай орталықтары құру туралы тапсырма берді. «Қалалар ішіндегі автомобиль ағындарын сауатты ретке келтіру – жеке мәселе. Осыған орай Үкімет пен әкімдерге қауырт сағат кезінде және демалыс күндері автобустарға арналған арнаулы жолақ пайдалану мәселесін шешуді тапсырамын. Мұндай тәжірибе Мәскеу, Ыстанбұл және Париж қалаларында таралған», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Мемлекет басшысы қалаларда көлік қозғалысын басқарудың бірыңғай орталығын құру қажеттігіне де тоқталды. «Орталық міндетіне осы саладағы өкілетті органдардың жұмысын үйлестіру, сонымен қатар азаматтардың шағымдары мен ұсыныстарын қарау кіреді. Айталық, жол белгілерінің жоқтығы, жұмыс істемей тұрған бағдаршам сынды мәселелерге қатысты. Үкімет өңір әкімдерімен бірлесіп, өңірлерде мұндай орталықтар құру бойынша іс-шаралар қабылдауды тапсырамын», – деді ҚР Президенті.