Қызылордада халыққа жалған ақпарат берілгендіктен 500 адам мемлекеттік орган ғимаратына жиналды (видео)

Қызылорда қалалық Жұмыспен қамту орталығында тұрғындардың жаппай жиналуы бойынша әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазбаға байланысты тиісті сала басшылары түсініктеме берді.

Жұмыспен қамту орталығында адамдардың көптеп жиналуына қатысты мән-жайды қала әкімінің орынбасары Бектас Нұридинов баяндап берді.

«Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға өтінім қабылданатыны туралы алдын ала хабарландыру жарияланған болатын. Дегенмен, тұрғындар арасында оған құжат қабылдау бір күннің ішінде жүргізіледі деген жалған хабар тараған. Осының салдарынан орталық аумағында 500-ден астам адам жиналған. Орын алған қолайсыздыққа байланысты кешірім сұраймыз. Оқиғаның мән-жайы тексерілуде. Келеңсіздікке жол берген мамандар жұмысына қызметтік тексеріс жүргізіледі», – деді Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Бектас Нұридинов.

«Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға өтінім қабылдау 19-23 сәуір аралығында жүргізілетіні бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған. Оқыту 26 сәуірден 3 қазанға дейін жалғасады. Жоба шеңберінде облыста биылғы жылы 2500 адамды оқыту көзделген. Оның ішінде Қызылорда қаласы бойынша 535 адам білім алады.

«Осы мақсатта 20 сәуірден бастап барлық Жұмыспен қамту орталықтары тұрғындарды тіркеп, жолдама беруді бастаған еді. Оқуға үміткерлер жергіліктік әкімдікке, халықты жұмыспен қамту орталықтарына немесе «Atameken Servіces» кәсіпкерлердің «бірыңғай терезесі» порталы арқылы онлайн-өтінім бере алады», – деді облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Гаухар Қалмақова.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Qyzylorda ☀️ (@i_love_kyzylorda)

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button