Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз хатшысы Самал Ибраева Facebook-тегі парақшасында жариялады. «Достар, біздің ел ерекше жануарларға бай. Солардың бірі – сібір тау ешкісі. Бұл керемет тұяқтылар Жоңғар Алатау ұлттық паркінде камераға түсіп қалған», – деп жазды ол. Оның айтуынша, 2020 жылы парк аумағында таутекелерге санақ жүргізілген. Нәтижесінде олардың саны – 1596 бас. Текесінің семсер тәрізді, көлденең бунақты, ұзындығы 140 см-дей мүйізі болады, ешкісінің мүйізі 40 см-дей. «Жоңғар Алатауы ұлттық паркінде фото-тұзақтар құру арқылы таутекелердің таралу аумағына, маусымдық құбылыстарына тұрақты бақылаулар жүргізіледі», – деп жазды Самал Ибраева.
Жүктелуде...