Петропавлда эвакуатормен вагон ұрлаған студенттер ұсталды

Петропавлда эвакуатормен вагон ұрлаған студенттер ұсталды

Петропавлда эвакуатормен вагон ұрлаған студенттер ұсталды
ашық дереккөзі
Петропавлда ұрылар тұрмыстық вагонды эвакуаторға салып әкетіп, бөлшектеп сатып жіберген. Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің мәліметінше, 17 сәуір күні кешке Петропавл тұрғыны полицияға арызданып, тұрмыста пайдаланылатын вагонының ұрланғанын айтқан. Алайда жәбірленуші ұрлықтың нақты қашан болғанын айта алмай, мүлкі 5-17 сәуір аралығында жоғалуы мүмкін деген болжам жасаған. Шығын көлемі – 100 мың теңге. Полицейлер ұрлық бір апта бұрын жасалғанын жылдам анықтаған: дәл осы уақытта жергілікті тұрғындар көшеде кетіп бара жатқан эвакуаторды байқапты. Жедел уәкілдер металл қабылдау пунктерін тексере келе, ұрланған мүліктің бөліктерін тапты. Көп ұзамай екі күдікті – 18 жастағы қала тұрғыны және Тимирязев ауданының 24 жастағы тұрғыны анықталды. Екеуі де ресейлік жоғары оқу орнының студенттері. Вагонға бұрыннан көздері түсіп, ыңғайлы сәтті күткен. «Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің «Ұрлық» бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Жұмысшы кентінің аумағында ұрланған металл көп жағдайда қабылдау пунктерінен табылып жатады. Кәсіпкерлермен уағдаластыққа қол жеткізілді: металл ұрлануы мүмкін деген күдік туындаса, келісім жасаудан бас тартуға міндеттеледі», – дейді Петропавлдағы ІІ полиция бөлімінің бастығы Руслан Сыздықов.