Жыл басынан бері 884,7 млрд теңге зейнетақы берілген

Жыл басынан бері 884,7 млрд теңге зейнетақы берілген

Жыл басынан бері 884,7 млрд теңге зейнетақы берілген
ашық дереккөзі
234
Жыл басынан бері 4 млн астам қазақстандыққа 884,7 млрд теңге зейнетақы төленді деп жазады Премьер-министрдің ресми сайты. 2016 жылғы қаңтар-тамыз айларында республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеу үшін 195,3 миллиард теңге, ортақ зейнетақы төлеу үшін 689,4 миллиард теңге бөлінді. "1 қыркүйектегі мәліметтерге сай базалық зейнетақыны 2 млн 47 мың адам, ортақ зейнетақыны 2 миллион 20 мың адам алады", - деп нақтылады ДСӘДМ-де. Естеріңізге салсақ, базалық зейнетақының мөлшері 11 965 теңгені, зейнетақының орта  мөлшері 55 049 теңгені құрайды (базалық зейнетақыны қоса есептегенде). Ал өмір сүрудің минималды көрсеткіші - 23 мың теңге шамасында. Ал Алматы қаласында 24 710 теңге. Олай болса, әлі де зейнетақыны көтеру мәселесін қарастырған абзал. Себебі, азық-түлік бағасы күн санап көтеріліп келеді.

Серіктес жаңалықтары