сейсенбі, 8 сәуір, 2025

Екінші рет коронавирус жұқтырып алған Толқын Забирова 74 жастағы анасына қатты алаңдауда

/
ашық дереккөзі
Екінші рет коронавирус жұқтырып алған Толқын Забирова 74 жастағы анасына қатты алаңдауда Белгілі әнші Толқын Забирова коронавирус індетін екінші рет жұқтырып алды. Бұл туралы әнші Instagram-дағы парақшасында жазды. «Екінші рет ауырып қалу мүмкін емес, деп жүріп...Антителаның арқасында жеңілірек өтіп жатыр. Тек мамама ауыр болып тұр. Жасы – 74. Алла шипасын берсін мамама», – деп жазды әнші. Сонымен қатар, ол уақытында вакцина алған дұрыс екенін атап өтті. «Дер кезінде прививка алған дұрыс екен. Бір-ақ осындай жаста, үлкендерге салдыруға болар ма екен?! Бәріміз аман болайық, ауырып жатқандарға Алла күш-қуат беріп, мына індеттен құтылып, мереке күндерде бас қосайық, достар», – деді Толқын Забирова.
Бөлісу: