Е.Сағадиев ҰБТ-ға енгізілген өзгерістерді айтты

Е.Сағадиев ҰБТ-ға енгізілген өзгерістерді айтты

Е.Сағадиев ҰБТ-ға енгізілген өзгерістерді айтты
ашық дереккөзі
369
ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев 2017 жылы өтетін Ұлттық бірыңғай тестілеу құрылымында қандай өзгерістердің болатынын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. "Қазір нақтыланған қорытынды жоба жоқ. Бұл мәселе мұғалімдердің қатысуымен талқыланады. Жоба түлектердің мектепте бірнеше пәннен қорытынды емтихан тапсыруын жоспарлайды. ҰБТ сұрақтарының құрылымы өзгеретін болады. Жобаға сәйкес стандартты 60 сұрақ болады. 60 сұрақ 2 бөлікке бөлінеді. Ол сұрақтар түлектің таңдаған мамандығына байланысты құрастырылады. Мысалы, түлек медицина мамандығына тапсыратын жағдайда ол биология пәнінен 30 сұраққа және химия пәнінен 30 сұраққа жауап беруі тиіс", - деді Сағадиев. Оның айтуынша, бұл жоба қазіргі уақытта дайын. Оны енді шағын құрамнан тұратын мұғалімдермен талқыға салу керек. Кейінірек бұл жоба ведомствоның сайтында жарияланатын болады. Сол арқылы пікірлер айтылып, бұл мәселе тағы да қаралады. "Түлек мектепте емтихан тапсырған уақытта мемлекеттік тіл мен орыс тілін тапсыруға міндеттеледі. ҰБТ тестілеу түрінде өтеді. ҰБТ-ны қайта тапсыру мүмкіндігі де сақталады. Ұлттық бірыңғай тестілеудің осындай жүйесі білім алушыларда моральдық-психологиялық қиындықтардың пайда болмауына септігін тигізеді", - деді баспасөз қызметіндегілер. Осыған дейін қазақстандық түлектердің ҰБТ-ны соңғы рет дәстүрлі форматта тапсыратыны айтылған болатын. Сондай-ақ, Сағадиев оқушыларға ҰБТ-ны қайта тапсыруға болатынын тағы да айтты. "Біз ҰБТ өтетін 165 орталықтан сағат сайын мәлімет алып отырамыз. Жоғары оқу орындарында оқығысы келетін балаларға ҰБТ-ны қайта тапсыруға мүмкіндік бердік. Мен іште болдым және қораптар балалардың көзінше ашылды, олар маған сенімді екенін және тестті тапсыруды бастағанын айтты. Сондықтан уайымдауға себеп жоқ", - деген еді министр.

Серіктес жаңалықтары