Шыңжаңдық тағы бір қандасымыз Олимпиадаға жолдама алды

Қазақстанның Алматы қаласында өткен күрестен Олимпиадалық іріктеу турнирінен жақсы жаңалық келді. Шыңжаң өлкесінен шыққан Уәлихан Серікұлы 60 келі салмақта грек-рим күресінен өнер көрсетіп, Токио Олимпиадасына жолдама алды, деп хабарлады inform.kz Қытайдың People Daily ақпарат порталына сілтеме жасап.

Сонымен У.Серікұлы Токио Олимпиадасына жолдаманы әйелдер арасындағы еркін күрестен Руң Ниңниң мен ер боксшы Тоқтарбек Таңатханнан кейінгі шыңжаңдық үшінші спортшы. Сол күнгі жарыста Уәлихан Серікұлы ширек финалда кувейттік ойыншыдан 8:0 есебімен басым түсіп, одан кейін жартылай финалда тәжікстан балуанын 10: 0 есебімен жеңіп, соңғы финалға шықты.

Финалда ол әлем чемпионы болған қырғызстандық спортшыдан 3:4 есебімен жеңіліп, екінші орынды місе тұтты. Айта кету керек, Токио Олимпиадасының күрес жарысына қатынасу толымдылығын таңдау белгілемесіне сай, Азия құрлығындағы Олимпиадаға іріктеу жарысында әр елден келген спортшылардың (тек бір адам ғана) ішінен әр спорт түрі бойынша алдыңғы екіге кіргендер тікелей Олимпиада жолдамасына ие бола алады. «30 жылдан астам уақыт бұрын Шыңжаң күресі ұлттық ойындарда алтын мен күмісті бірнеше рет жеңіп алған мықты ұлттық құрама болды. Алайда кейіннен әлемдік күрестің дамуымен Шыңжаң күрес командасының көрсеткіштері біртіндеп төмендеп кеткен болатын.

2010 жылдан бастап Шыңжаң күрес командасы қайта құрылған. Оған жетекшілік ету үшін Оңтүстік Корея құрамасының бұрынғы жаттықтырушысы Лю Ёнтайды жалдады. Әлем чемпионын тәрбиелеген бұл жаттықтырушы спорт саласына үлкен мән беріп, Шыңжаң күрес командасының негізін қалады. Соңғы жылдары шыңжаңдық Руң Ниңниң, Палиха, Уәлихан Серікұлы сияқты бірқатар спортшылар үздік отандық палуандар қатарына қосылды», деп жазады қытайлық БАҚ.

Уәлихан Серікұлы – 1993 жылы Шыңжаңның Дөрбілжін ауданында дүниеге келген. Қытай құрамасының сапында өнер көрсетеді. Қытай чемпионатының 4 дүркін жүлдегері, Мажарстан астанасы Будапештте өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азия чемпионатында 3-орынды иеленген.

 

Back to top button