50201
18 сәуірге арналған ауа райы болжамы: Жауын-шашын, тұман, желдің күшеюі
18 сәуірге арналған ауа райы болжамы: Жауын-шашын, тұман, желдің күшеюі
Бүгін Республиканың оңтүстік-батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Қазақстанның басқа аймақтарында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы: кей жерлерде жауын-шашын болады, найзағай, тұман, желдің күшеюі күтіледі.
Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында, күндіз Павлодар облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады. Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады, жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді. Алматы облысында, түнде және таңертең Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, желдің күші 15-20 м/с-ға жетеді. Түнде Ақмола облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с, кей жерлерде 23 м/с болады. Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай болады, түнде кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20, күндіз көптеген бөліктерде екпіні 15-20 м/с болады. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20, кей жерлерде екпіні 23 м/с-ға дейін күшейеді.