22 жастағы елорда тұрғыны 11 қабаттан құлап, қайтыс болды

22 жастағы елорда тұрғыны 11 қабаттан құлап, қайтыс болды

22 жастағы елорда тұрғыны 11 қабаттан құлап, қайтыс болды
ашық дереккөзі
50291
Нұр-Сұлтан қаласында көп қабатты тұрғын үйлердің бірінде қайғылы оқиға болды. Елорда тұрғыны 11 қабаттан құлап, қайтыс болды. Қайғылы жағдай туралы Telegram-дағы Astanovka 98 каналы жазды. Артынша бұл ақпаратты қалалық полиция департаменті растады. «17 сәуірде сағат 08:10-де «102» нөміріне Сарыарқа ауданындағы тұрғын үй терезесінен адам құлағаны туралы хабарлама келді. Анық болған жайт, 22 жастағы қала тұрғыны  11 қабат терезесінен құлаған. Қыз бала оқиға орнында қайтыс болды», деп хабарлайды елордалық полиция басқармасы. Оқиға кезінде қайтыс болған қыздың отбасы үйде болған. Аталған жағдай бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Тергеу жүргізілуде.

Серіктес жаңалықтары