50279
Ресейлік сериал кейіпкері: «Қазақтар бізге тас атты ма десек, ас атыпты ғой»
Ресейлік сериал кейіпкері: «Қазақтар бізге тас атты ма десек, ас атыпты ғой»
Әлеуметтік желіде ресейлік сериалдан үзінді таралып, қызу талқылануда.
Онда сериал кейіпкері, орыс әйел жанындағы құрбысына Алжир лагері жайлы әңгімелейді.
«Сен Алжир жайлы естіп пе едің? Ол – Отанға опасыздық жасағандардың әйелдеріне арналған Қазақстандағы лагерь. Міне, ол күйеуін ату жазасына кескен соң сонда отырды. Оның айтуынша, үнемі ашқұрсақ жүретін. Оларды бірде жұмыс алаңына алып бара жатқан. Сонда бір топ әйелге балалар тас лақтыра бастады. Әйелдер болса, бет-жүзін қалқалап, қорғануға көшкен. Менің құрбым аяғы шалынып, сол тастардың үстіне құлапты. Ол тастардың жұмсақ екенін бірден аңғармаған. Сөйтсе, тас емес, құрт екен. Осылайша қазақтар аштықтан әл-дәрмені құрыған әйелдерге көмектеспек болыпты».
АЛЖИР (орыс. Акмолинский Лагерь Жён Изменников Родины – Отан сатқындары әйелдерінің Ақмола лагері) – 1937 жылы арнайы салынған Ақмола халық жаулары әйелдерінің лагері, кейін баршаның аузында АЛЖИР аталып кеткен азап орталығында 20 мыңға дейін әйел қамауда болған. Қарағанды лагерінің 17-ші бөлімшесінің артынан 26-шы нүкте болып құрылған осынау тозақ орталығында небір ел жайсаңдарының зайыптары, қыздары мен қарындастары жазықсыздан-жазықсыз жапа шекті. Ең сұмдығы – мұнда бойына нәресте біткен аналарға да мейірімділік жасалмады. Нәтижесінде темір тордың ар жағында 1 мың 507 нәресте дүниеге келіп, олардың басым көпшілігі аштық пен суықтың құрбаны болды.
@art.sakeСтавьте лайки и поделитесь! Пишите комментарии! #казахстан #народ #великий #детицветыжизни #россия #рекомендации #хочуврек #реки♬ оригинальный звук - Saken Artykbaiuly