Болашақта Астанада жеңіл рельсті көлік іске қосалады

Болашақта Астанада жеңіл рельсті көлік іске қосалады

Болашақта Астанада жеңіл рельсті көлік іске қосалады
ашық дереккөзі
305
Астанадағы жеңіл рельсті көлікпен жүрудің бағасы 200 теңге болады. Бұл туралы "Астана LRT" ЖШС басқармасының төрағасы Талғат Ардан Астанада өткен конференция барысында айтты. Талғат Арданның айтуынша, Астанадағы жеңіл рельсті көлік 2018 жылдың соңында қолданысқа беріледі деп жоспарланып отыр. "Жоспар бойынша 2018 жылдың соңында. Бұл ірі көлік жүйесі, барлық жүйені іске асыру үшін іске қосу мен жөндеу жұмыстары жүргізілуі қажет. Бұл қиын процесс. Сондықтан жеңіл рельсті көліктердің нақты қай уақытта, қай минутта іске қосылатынын ешкім де айта алмайды. Ал бағасын 200 теңге деп белгіледік", - деді "Астана LRT" ЖШС басқармасының төрағасы Талғат Ардан. "Бұл жобаға қосы тағы екі деңгейлі жер үсті станциясының құрылысын бастау жоспарда бар. Станциялар Астананың климатына бейімделген. Көліктер электронды төлем жүйесімен қамтамасыз етілген. Дабыл батырмасы, жылыту жүйесу, желдету мен видеобақылау да орнатылған", - деді Талғат Ардан. Айта кетейік, бастапқыда көліктің бұл түрін EXPO-2017 көрмесіне орай іске қосу жоспарланған болатын. LRT жүйесінде қазіргі уақытта жабық түрдегі 18 заманауи станция мен 19 дана жылжымалы құрам пен депо бар. Осыған дейін 22,4 шақырымға созылатын  LRT жүйесінің Астанадағы халықаралық әуежайды, EXPO-2017 көрме орталығын, көпфункционалды "Әбу-Даби Плаза" кешені мен жаңа теміржол вокзалын қосатыны жайлы айтылған еді.

Серіктес жаңалықтары