691
Соңғы 11 жылда Қазақстанға 220 млрд инвестиция тартылған
Соңғы 11 жылда Қазақстанға 220 млрд инвестиция тартылған
Соңғы 11 жылда инвестициялық климатты жақсарту мақсатында Қазақстанға тартылған шетел инвестициясы 220 млрд доллардан асты. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Ерлан Қайыров мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.
«Қазақстан ішкі саясатының тұрақтылығы мен дағдарысқа қарсы іс-шараларының арқасында дамып келеді. Соңғы 11 жыл ішінде елімізге тартылған шетел инвестициясы 220 млрд доллардан асты», - деді Е. Қайыров.
Қазақстан Үкіметі инвестициялық климатты жақсарту мақсатында қарқынды жұмыс атқаруда. Инвестициялық субсидияларды, тұрақты заңнаманы және салық артықшылықтарын қарастыратын инвесторларға мемлекеттік қолдауға және ынталандыруға үлкен пакет әзірленді.
«Инвестициялық заңнаманы бұдан әрі жетілдіру үшін жұмыс жүргізіліп жатыр. Бүгінде еліміздің барлық аймағында «бір терезе» принципі бойынша инвесторларға қызмет көрсету секторы мен инвестициялық омбудсмен институты ашылды», - деп қосты Е. Қайыров.