Иманбектің шетел жұлдыздарымен бірлесіп жазған жаңа әні шықты

Иманбектің шетел жұлдыздарымен бірлесіп жазған жаңа әні шықты

Иманбектің шетел жұлдыздарымен бірлесіп жазған жаңа әні шықты
ашық дереккөзі
"Грэмми" сыйлығының лауреаты диджей Иманбек Зейкенов жанкүйерлеріне Шон Пол (Sean Paul) және София Рейеспен бірлесе жазған жаңа туындыны ұсынды. Ол  жаңалығымен өзінің Instagram парақшасында бөлісті. 48 жастағы ямайкалық орындаушы Шон Пол да Иманбек Зейкенов сияқты беделді "Грэмми" музыкалық сыйлығының иегері. Ол 2003 жылы әндері әлемдегі ең танымал радиостанциялардан көп берілетін орындаушы болып танылған. София Рейес - поп-латын, поп-рок, кантри, R&B жанрларында өнер көрсететін мексикалық-америкалық композитор, актриса әрі әнші.
"Қауіпті! @Duttypaul мен @sofiareyes-пен бірге жаңа синглді қабыл алыңыздар", - деп жазды Иманбек.
Бұл жазбаға желі қолданушылары мыңға жуық пікір қалдырды. "Бұл ән жаңа хит болады", "Ырғақ жүрек соғысы іспетті, сондықтан болар сіздің шығармашылығыңыз бәріне ұнайды", "Алға, жерлес", "Жоғары деңгейде", - деп жазды оның жанкүйерлері.