Алматыдағы екпе салу орындарының тізімі жарияланды

/
Алматыдағы екпе салу орындарының тізімі жарияланды
ашық дереккөзі
Алматыдағы екпе салу орындарының тізімі жарияланды Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы қаладағы емханалардан басқа нысандарда ашылған екпе салу орындарының 9 сәуірдегі жаңартылған тізімін ұсынды Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы екпе пункттеріне бармас бұрын вакцинаның бар-жоғын білуге кеңес береді. Алмалы ауданы:
  • ХҚКО
  •  «Алмалы Атамекен» (Төле би 160, Әуезов көшесінің бұрышы - 1 қабат)
  • «MEGA Park» сауда ойын-сауық орталығы (Мақатаев 127/1 - бірінші қабат)
Алатау ауданы:
  • «Бакорда» сауда кешені (Рысқұлов даңғылы 103 / 21Б - 2 қабат: 4,5,6 бутиктер)
Әуезов ауданы:
  • «Спутник» сауда ойын-сауық орталығы («Мамыр» ықшам ауданы 1, 8а - бірінші қабат)
  • «GRAND PARK» сауда кешені (Кабдолов көшесі - 6-блок, кіреберісте)
  • «Мәскеу Метрополитені» сауда ойын-сауық орталығы (8 шағын аудан, 37/1 - 2 қабат, фуд корт)
  • «Almaty Mall» сауда ойын-сауық орталығы (Жандосова көшесі, 83 - 1 қабат, жеделсаты жанында)
  • «Asia Park Almaty» сауда ойын-сауық орталығы (Райымбек даңғылы, 514а - 1 қабат, ресепшнге қарсы)
Бостандық ауданы:
  • «MEGA Center Alma-Ata» (Розыбакиева көшесі, 263, 247а - 1 қабат, мұз айдынының алаңында)
  • «АДК» сауда үйі (Сәтпаев көшесі, 90, 2 қабат, фуд-корт)
  • «Esentai Mall» сауда ойын-сауық орталығы (әл-Фараби даңғылы, 77/8 - 4 қабат, NEXT ойын-сауық орталығында)
  • «Галерея» сауда ойын-сауық орталығы (Тимирязева көшесі, 42 - 1 қабат)
Жетісу ауданы:
  • «Алтын Тараз» сауда орталығы (Абылай хан даңғылы, 3 - 1 қабат)
  • «Адем» сауда орталығы (Рысқұлов даңғылы, 101 - 3 қабат. Фуд-корттың жанында)
Медеу ауданы:
  • «Достық Плаза» сауда ойын-сауық орталығы (Самал-2, 111 - 2 қабат)
  • «ГУМ» сауда орталығы ( Қонаев 21, 1 қабат)
  • «Көк базар» (Жібек жолы даңғылы, 53 - 1 қабат)
Түрксіб ауданы:
  • «Түрксіб» базары (Сүйінбай даңғылы жағынан кіреберіс, 3 қақпа)
  • «Жетісу-Семиречье» базары (2 қабат, С секторының 4,5,6 бутиктері)
  • «MART Village» сауда ойын-сауық орталығы (Ричард Зорге 18, 1 қабат - 32, 36 бутиктер)
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары