238
Бензин бағасы 23 теңгеге қымбаттады
Бензин бағасы 23 теңгеге қымбаттады

Солтүстік Қазақстан облысында бензин бір түннің ішінде бірден 10 теңгеге қымбаттады. Осылайша шамамен бір айдың ішінде жанармай үшінші рет қымбаттап отыр.
ҚазАқпараттың жазуынша, сұранысқа ие АИ-92 маркалы бензиннің литрі Петропавлдағы жанар-жағар май құю бекеттерінде 177-178 теңгеден сатылып жатыр. Кеше кешке жанармайдың литрі 168-169 теңгеден саудаланған болатын.
Ақпан айында солтүстік қазақстандық автокөлік иелері бензиннің литрін 155 теңгеден сатып алса, наурыз айының басынан бері бағасы үш рет өзгеріп, 20-23 теңгеге қымбаттады.
Ал, 95-ші маркалы бензиннің литрі екі апта бұрын 185 теңгеден сатылса, енді 3 теңгеге қымбаттап отыр.
СҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы бұған дейін бензин бағасының өсуіне зауыттардың өз өнімін қымбаттатып жібергені әсер еткенін айтқан еді.