«Finbet» букмекерлік кеңсесінің басшылары сотталды

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті «Finbet» букмекерлік кеңсесінің басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Тергеу барысында «Finbet» букмекерлік кеңсесінің басшылары букмекерлік қызметпен қатар Қазақстан Республикасы аумағында аса ірі мөлшерде (300 млн теңгеден астам сомада) кірісі бар заңсыз ойын бизнесімен айналысқаны анықталды.

Құмар ойындарға құқыққа қайшы ақшалай мөлшерлемелерді қабылдау Алматы, Шымкент қалаларында, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау және Павлодар облыстарында орналасқан 43 мекемеде жүзеге асырылған.

Сот үкімімен үш айыпталушы ҚР ҚК 307-бабы 3-б. 2-т. бойынша кінәлі деп танылып, екі ұйымдастырушыға шартты түрде 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі, ал біреуіне 2,4 млн теңге сомасында айыппұл түріндегі жаза тағайындалды.

Қылмыстық іс бойынша 100 млн теңгеден астам ақша қаражаты мен басқа да мүліктер тәркіленді.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button