368
Елімізде жел күшейіп, жаңбыр жауады – Қазгидромет
Елімізде жел күшейіп, жаңбыр жауады – Қазгидромет

Бүгін елімізде жел күшейіп, жаңбыр жауады, кей өңірлерде тұман түседі, көктайғақ болуы мүмкін, – деп хабарлады Қазгидромет.
Синоптиктердің болжауынша, 7 сәуірде еліміздің басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты ауа-райы құбылмалы болады, кей жерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі, тек оңтүстікте және оңтүстік-батыста және орталықта күн райы ашық. Кей жерде тұман түсіп, жел күшейеді, солтүстікте көктайғақ болады.
Батыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерінде тұман түсуі мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстрының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал, күндіз Қостанай облысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақтөбе, Атырау облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола, Маңғыстау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түсуі мүмкін.