Украинада әйелдердің зейнет жасы ұлғайтылды

Украинада әйелдердің зейнет жасы ұлғайтылды

Украинада әйелдердің зейнет жасы ұлғайтылды
ашық дереккөзі
1 сәуірден бастап Украинада әйелдер үшін ең төменгі зейнет жасы 60 жасқа дейін көтерілді, деп хабарлайды korrespondent.net "1960 жылдың 1 қазаны мен 1961 жылдың 31 наурызы аралығында дүниеге келген әйелдер 59,5 жасқа толғанда зейнетке шыға алады. Ал 1961 жылдың 1 сәуірінен кейін туған әйелдер зейнетақыны 2021 жылы 60 жасқа толғаннан кейін ғана ала алады", - делінген зейнетақы қорының түсіндірмесінде. Жасы бойынша зейнетақы алу үшін сақтандыру өтілі 28 жылдан кем болмауы керек. Егер 28 жылдық өтіл болмаса, онда 2021 жылы зейнетке шығу үшін ең төменгі жас - 63 жас (18-28 жыл өтіл болған жағдайда). Ал 15 жылдан 18 жылға дейінгі еңбек өтілімен 65 жасқа толғанда зейнетке шығуға болады. Егер 65 жылға дейін сақтандыру өтілі 25 жылдан кем болса, зейнетақының орнына әлеуметтік көмек көрсетіледі.