Елбасы "Өркен" білім беру грантына өзгеріс енгізді

Елбасы "Өркен" білім беру грантына өзгеріс енгізді

Елбасы "Өркен" білім беру грантына өзгеріс енгізді
ашық дереккөзі
Елбасы  «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындау туралы» Жарлыққа өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы № 724 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
  1. «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің                   2009 жылғы 13 қаңтардағы № 724 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау туралы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының «Өркен» білім беру гранты тағайындалсын.»; 2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлерін бекітсін;».
  1. Осы Жарлық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
  Қазақстан Республикасының               Президенті                                                                                                                   Н.Назарбаев   Астана, Ақорда, 2016 жылғы  21 қыркүйек № 340