230
Берлиндіктер дүкенге бару үшін коронавирусқа тест тапсыруға міндеттелді
Берлиндіктер дүкенге бару үшін коронавирусқа тест тапсыруға міндеттелді
Германия астанасының тұрғындары азық-түлік дүкендерінен басқа дүкендерге бару үшін коронавирусқа тест тапсыруы шарт. Жаңа ереже бүгіннен бастап күшіне енді, деп хабарлайды Berliner Zeitung басылымы.
Азық-түлік немесе дәріханадан басқа кез-келген дүкенге бару үшін сол күні жасалған тест нәтижелерін ұсыну қажет. Кейбір сауда орталықтары өз клиенттеріне жедел тестілеуді ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Мұражайларға кіру үшін де тұрғындардан коронавирус жұқтырмағанын растайтын тест нәтижесі талап етіледі.
Сонымен қатар, Берлин тұрғындары кез-келген ғимаратқа кіру немесе қоғамдық көлікті пайдалану үшін FFP2 жоғары дәрежелі қорғаныс респираторларын тағуы керек. Билік қарапайым медициналық маскалар індетпен күресте тиімді емес деген қорытындыға келді.