Песков Путиннің басты хоббиін атады

Ресей президенті Владимир Путиннің басты хоббиі — кітап оқу. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Дмитрий Песков «Аргументы и факты» басылымына берген сұхбатында айтты. 

«Президент негізінен тарихи әдебиеттер, естеліктер оқығанды ұнатады», – деді баспасөз хатшысын.

Песковтың айтуынша, Путин Кремльге де, Ново-Огаревоға да келетін басылымдарға жазылып, оқиды. Сонымен қатар, жұмыс бабымен жиі ұшатындықтан, ұшақта да қолынан газет түспейді.

Сондай-ақ, баспасөз хатшысы Ресей басшысының неміс телеарналарын және ағылшынтілді арналарды жиі көретінін атап өтті.

«Аптасына бірнеше рет ағылшын тілінен сабақ алады. Әдеттер сабақтар ұзаққа созылмайды, бірақ тұрақты түрде жүргізіледі», – деді Песков.

Back to top button