Жаңа қаулы: БҚО-да ұжымдық ауызашар өткізуге тыйым салынды

Жаңа қаулы: БҚО-да ұжымдық ауызашар өткізуге тыйым салынды

Жаңа қаулы: БҚО-да ұжымдық ауызашар өткізуге тыйым салынды
ашық дереккөзі
210
1 сәуірден бастап Батыс Қазақстан облысында карантин күшейтілуде. Облыс коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймаққа енген болатын. Аймақтың бас санитар дәрігері қол қойған қаулыға сәйкес,  2020-2021 оқу жылының төртінші тоқсанында контингенті 300 оқушыға дейін ауылдық мектептердегі сыныптарда балалар санын 25 адамнан асырмай дәстүрлі форматта оқытуға рұқсат беріледі. Ал Орал қаласы, Бөрлі, Бәйтерек аудандарында контингенті 300 оқушыға дейін қалалық және ауылдық мектептердегі сыныптарда балалар саны 15 адамнан аспауы керек. Білім беру ұйымы әкімшілігінің шешімі бойынша, сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға рұқсат етіліп отыр. Оқу бітіретін сыныптар (9, 11 (12) сыныптар) үшін аптаның 6 күні ішінде: пәндердің 70%-ын штаттық режимде, 30%-ын қашықтықтан аралас форматта оқытуға рұқсат етіледі (сыныпта 15 адамнан асырмай, "1 сынып – 1 кабинет" қағидаты бойынша оқыту, санитариялық-дезинфекциялық және маска режимін сақтау қажет). Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында 1 курс студенттері санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, аралас форматта оқытуға көшіріледі. Діни нысандарға (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және басқалар) бір келушіге кемінде 5 шаршы метр есебінде және нысанның толтырылуын 30%-дан асырмай жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Бұқаралық ұжымдық іс-шараларды (жұма намазы, діни жоралар және т. б.) өткізуге тыйым салынады. Қасиетті "Рамазан" айы кезінде бірге тұратын бip отбасы мүшелерінің арасында ауызашарды қоспағанда, ұжымдық ауызашар өткізуге тыйым салынады. Қоғамдық тамақтану объектілеріне сағат 9:00-ден 22.00-ге дейін (толтырылуын 50%-дан асырмай, орын санын 30-дан асырмай, үстелдер арасындағы қашықтықтың кемінде 2 метр болуын қамтамасыз ете отырып, бір үстелге отырғызуды 4 адамнан асырмай) жеткізу және шығару жолымен қызметті жүзеге асыруды қоспағанда жұмыс істей алады. Ал сенбі және жексенбі күндері жұмысын тоқтатуы тиіс. Ұжымдық, салтанатты, отбасылық және басқа да бұқаралық іс-шаралар өткізілмейді. Фудкорт қызметтері үшін тек тағамды жеткізуге және шығарып беруге рұқсат етіледі.

Серіктес жаңалықтары