Дәрігер ішекті "өлтіретін" өнімдерді атады

Дәрігер ішекті "өлтіретін" өнімдерді атады

Дәрігер ішекті "өлтіретін" өнімдерді атады
ашық дереккөзі
283
Құрамында қант пен май мөлшері жоғары тағамдар ішекке көп салмақ түсіреді және онда осы органды өлтіретін зиянды бактериялардың таралуына ықпал етеді. Неміс дәрігері Томас Фрелинг Focus басылымына арналған мақаласында денсаулыққа зиянды өнімдерді атады. Маманның айтуынша, құрамында қант мөлшері жоғары тағамнан аулақ болу керек, өйткені бұл ішекте микрофлорасын бұзатын зиянды бактериялардың көбеюіне әкеледі. Салдарынан ас қорыту органы әртүрлі ауруларға бейім болады. Сондай-ақ, сарапшы шұжық пен қызыл ет тұтынуды азайтуға кеңес берді. Ол қатты өңделген өнімдер қатерлі ісікке әкелуі мүмкін екенін түсіндірді. Майонез бен маргарин ішектің қалыпты жұмысын бұзатын өнімдерге жатады. "Бұл өнімдерді қорыту қиын және ағзаға үлкен күш түсіреді жасайды", - деп түсіндірді Фрелинг. Айта кетейік, бұдан бұрын ресейлік нефролог Татьяна Панкратенко  бүйрек жұмысын бұзатын заттарды атаған еді. Оның айтуынша, бүйректі "өлтірушілер" — тұз, фосфаттар және ақуыз. Дәрігер адамға күніне екі грамға дейін тұз тұтыну жеткілікті екенін атап өтті, ал шекті мөлшер — 6 грамм. Егер тұтынылатын тұз мөлшері қалыпты деңгейден асса, ересектерде қан қысымы жоғарылайды және бүйрек зардап шегеді дейді нефролог.

Серіктес жаңалықтары