Жер қойнауын пайдаланушыларға салықтық жеңілдік жасалады

Жер қойнауын пайдаланушыларға салықтық жеңілдік жасалады

Жер қойнауын пайдаланушыларға салықтық жеңілдік жасалады
ашық дереккөзі
247
Қазақстанда экономикалық дағдарыс жағдайында жер қойнауын пайдаланушыларға салықтық жеңілдіктер енгізу жоспарлануда, деп мәлімдеді ҚР ұлттық экономика министрi Қуандық Бишiмбаев «Салық салудың өзектi мәселелерi» атты конференция барысында. «Бүгінгі күні мұнай өнеркәсібінде экономика өзгерді және осы жағдайда жер қойнауын пайдаланушылар үшін алдағы уақытта салық режимі өзгеруі мүмкін. Мұнай бағасының ұзақ мерзімді деңгейі қандай болатыны белгісіз. Дегенмен, алдағы 5-7 жылда оның бағасы бұрынғыдай болатыны екіталай. Біз жаңашылдыққа аяқ бастық, өндіруші сектор мен жер қойнауы секторынан Ұлттық қорға түскен салықтар, түсімдер толықтай өзгерді», - деді жер қойнауын пайдаланушыларға мүмкін жеңілдіктерді түсіндірген Қ.Бишімбаев. Министрдің айтуынша, кәсіпорындарда инвестицияны жасау үшін толық ресурстар жоқ. «Қазақстанның өз ерекшеліктері бар. Жер қойнауын алу бойынша өсіп жатқан да, төмендеп жатқан да кен орындары бар. Өндірісті нақты бір деңгейде ұстау үшін міндетті түрде инвестиция жасау керек. Ағымдағы баға мен  салық   бұны орындауға  мүмкіндік бермейді. Біз табыстары төмендеп жатқан кәсіпорындарға қалай қолдау жасау керектігі бойынша ұсыныс айтқымыз келеді. Яғни, оларға ағымдағы кірісті жоғалтпай, қосымша ресурстарды қалай беру керектігі жайында жол сілтемекпіз», - деді ҚР ҰЭМ басшысы. Министрдің айтуынша, ведомство үшін  қалыптасқан кіріс базасын бұзбай, оларға тиісті ынталандыру беру басты қағида болмақ. Сонымен қатар, министр қазақстандық шикізатқа сұраныстың төмендегенін айтты. «Шикізатқа деген сұраныс бәсеңдейді, жалпы әлем бойынша шикізатқа деген сұраныс бәсеңдейтін болады. Баламалы энергияның көздері пайда болады. Алдағы 30-40 жылда табысты айналымға, ал біздегі бар ресурстарды экспортқа жіберу керек. Ол үшін салық салудан алшақтап, тәсілді өзгерту керек», - деп баса айтты Қ.Бишімбаев. Министрдің пікірінше, жаңа инвестиция тарту үшін табысқа салық салудан алшақтау керек және қаржы нәтижесіне салық салуға көшу керек  

Серіктес жаңалықтары