Тұман, көктайғақ: Еліміздің бірқатар өңірінде ескерту жарияланды

Қазгидромет еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды.

27 наурызда Қостанай облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел, солтүстік-шығыс желіне ауысады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с.

Қостанай қаласында 27 наурызда таңертең және күндіз көктайғақ күтіледі.

27 наурызда Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с.

Көкшетау қаласында  түнде және таңертең тұман күтіледі.

27 наурызда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Петропавл қаласында ертең күндіз көктайғақ күтіледі.

Жылымықтың аясында жауын-шашынның түсуіне және қар жамылғысының тұрақсыз болуына байланысты Үлкен және Кіші Алматы өзендері су алабында (2100 метр жоғары биіктігіне) 26-27 наурыз аралығында қар көшкіні жүруі мүмкін. Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды. 2

7 наурызда Ақтөбе облысының кей жерлерінде көктайғақ, тұман күтіледі. Желдің бағыты оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

 

Back to top button