Ертең елордада ғимараттардың сыртқы жарығы 1 сағатқа сөнеді

Ертең елордада ғимараттардың сыртқы жарығы 1 сағатқа сөнеді

Ертең елордада ғимараттардың сыртқы жарығы 1 сағатқа сөнеді
ашық дереккөзі
508
Нұр-Сұлтан  қаласы «Жер сағаты» экологиялық акциясына қатысады. Шара аясында 150-ден астам нысан электр қуатынан ажыратылады.
Сағат 20:30-да мына нысандардың сыртқы сәндік жарығы өшіріледі: «Астана-Арена», «Алау» мұз айдыны, «Барыс Арена», Қазмедиа орталығы, «Мәңгілік ел» монументі (триумфалды арка), «NUR ALEM» болашақ энергиясы мұражайы, «Астана Опера» театры, Сарайшық көшесіндегі М2 көпірі, Сығанақ көшесіндегі М3 көпірі, «Бәйтерек» монументі, Talan Towers БО, «ҚТЖ» АҚ ғимараты, «Хан Шатыр» СОО, «Ailand» ОДО, «Mega Silk Way» СОО, «Сарыарқа» СОО, Назарбаев Университеті, «Жекпе-Жек» СК, «Ақорда» резиденциясы, «Хазірет Сұлтан» мешіті, ҚР Ұлттық мұражайы, «Шабыт» шығармашылық сарайы, Тәуелсіздік сарайы, Бейбітшілік және Келісім сарайы, «Қазақ елі» монументі, Оқушылар сарайы, ІІМ ғимараты, сондай-ақ 150-ден астам тұрғын үй кешені.

Серіктес жаңалықтары