Жетісайлық тракторшы қыз күніне 10 гектар жер жыртады (фото)

Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Қызылқұм елді мекенінің тұрғыны Арай Асылбекқызы 11 жасынан бастап трактор жүргізеді. Бүгінде трактордың көмегімен ауылдастарының егістік жерлерін жыртып, табыс та тауып жүр.

whatsapp image 2021 03 25 at 19.06.47 2

«Мен кішкентай күнімнен жеңіл көлікке қарағанда, осы техникаға деген қызығушылығым арта түсті. Осындай ерекшелігімді байқаған әкем мен ағаларым бетімнен қақпай, керісінше трактордың қыр-сырларын үйретті. Сол үшін оларға шексіз алғысымды айтамын. Міне, соның арқасында күніне 10 гектарға дейін егістік жерді жыртып, диқандарға көмегім тиіп келеді. Күнделікті ісім осы болған соң, трактордың аз-кем техникалық ақаулықтарын жөндеуді де үйреніп алдым», – дейді А.Асылбекқызы.

whatsapp image 2021 03 25 at 19.06.48 1Қазіргі таңда, Түркістан қаласындағы жоғары оқу орындарының бірінде оқитын 1 курс студентін ауыл арасында «тракторшы қыз» деп те атайды екен. Оның білім алып жүрген негізгі мамандығы тіс дәрігері.

whatsapp image 2021 03 25 at 19.06.48 2

Back to top button