283
Жер реформасы жөніндегі комиссияның І отырысы өтті
Жер реформасы жөніндегі комиссияның І отырысы өтті

Комиссия отырысы Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өтті. Санитарлық нормаларды сақтау қажеттілігіне байланысты комиссия жұмысы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми сайтында және Facebook парақшасында онлайн көрсетілді.
Жер реформасы жөніндегі комиссия Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Жер кодексі жобасының нормаларын талқылап, ұсыныстар әзірлеу үшін құрылды.
Естеріңізге сала кетсек, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 5-отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бір айдың ішінде жер реформасы жөніндегі комиссия құрып, 25 наурызда жұмысқа кірісуді, комиссияның құрамына аграрлық сектордың беделді өкілдерін және жер мәселесін жетік білетін сарапшыларды қосуды тапсырған болатын.