Украинада бір күнде 14 мыңнан астам адамнан коронавирус анықталды

Украинада бір күнде 14 мыңнан астам адамнан коронавирус анықталды

Украинада бір күнде 14 мыңнан астам адамнан коронавирус анықталды
ашық дереккөзі
226
Украинада соңғы тәулікте 14 174 адамнан COVID-19 анықталды. 5 438 адам аурухана жатқызылды, 342 адам вирустан көз жұмды, – деп хабарлады Укринформ ақпараттық агенттігі. «2021 жылғы 24 наурыздағы жағдай бойынша, Украинада COVID-19 вирусын жұқтырудың 14 174 жаңа оқиғасы тіркелген. Атап айтқанда, 750 бала мен 434 медициналық қызметкер дертке шалдықты. 5438 адам ауруханаға жатқызылды, 342 өлім оқиғасы тіркелді», – делінген агенттік хабарламасында. Соңғы тәулікте расталған оқиғалардың ең көп саны Киев қаласында (1 300), Одесса (1 177), Хмельницкая (994), Львов (939) және Киев (813) облыстарында тіркелген. Пандемия басталғалы бері Украинада:
  • 1 579 906 адам – вирусқа шалдықты;
  • 1 276 272 адам – ауруханадан шығарылды;
  • 30 773 – өлім оқиғасы тіркелді;
  • 7 778 231 – ПТР-тестілеу жүргізілді.

Серіктес жаңалықтары