235
Еуроодақ коронавирусқа қарсы вакцина экспортын қадағалау шараларын күшейтпек
Еуроодақ коронавирусқа қарсы вакцина экспортын қадағалау шараларын күшейтпек

Еуроодақ коронавирусқа қарсы вакцинаның экспортын реттейтін бұдан да қатаң ережелерді ұсынады, – деп жазды ҚазАқпарат Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап.
Агенттіктің мәліметінше, жаңа нормалар Еуроодақтың вакцинаны жеткізу бойынша жекелеген елдерге экспорт жасау жолдарын жеңілдетеді.
Бұдан басқа, Еуроодақ шешімдерді қабылдау кезінде препараттардың ЕО-дан жеткізілуін сұрайтын мемлекеттердегі вакциналау қарқыны туралы мәліметтерге сүйенетін болады.
Агенттік өзгерістердің COVAX халықаралық механизмі аясындағы жеткізілімдерге қатысы болмайтынын нақтылап өтті.
Вакцинаны жеткізу, сондай-ақ оларды экспорттау мәселелері ЕО-ның 25-26 наурыз күндері өтетін онлайн-саммиті кезінде талқыланады.