283
Елордада барлық бағытта жол жабық: «Рубеж» бекеттерінде 164 көлік тұр
Елордада барлық бағытта жол жабық: «Рубеж» бекеттерінде 164 көлік тұр

Қазгидрометтің мәліметінше, Нұр-Сұлтанда 23 наурыз күні сағат 21:00-ден 24 наурыз сағат 21:00-ге дейін түнде бұрқасын болып, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с жетеді.
Қала әкімдігі авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарға, патрульдеуге қаланың шұғыл қызметтерінің жеке құрамы, оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД, ҚР ІІМ, ЖАО, жол қызметтері жұмылдырылғанын мәлімдеді.
«Рубеж» бекеттерінде автокөліктер жиналып қалды: 135 жеңіл көлік, 29 жүк автокөлігі, оның ішінде:
- Щучинск қаласы бағытында 40 жеңіл, 10 жүк көлігі;
- Қарағанды қаласы бағытында 15 жеңіл, 7 жүк көлігі;
- Қорғалжын кенті бағытында 30 жеңіл, 5 жүк көлігі;
- Павлодар қаласы бағытында 50 жеңіл, 7 жүк көлігі тұр.