331
9 рейс кешіктірілді: Нұр-сұлтан әуежайында жолаушылар концерт ұйымдастырды
9 рейс кешіктірілді: Нұр-сұлтан әуежайында жолаушылар концерт ұйымдастырды

«Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайында өз рейсін бірнеше сағаттан бері күтіп отырған жолаушылар концерт ұйымдастырды.
Instagram-дағы пабликтердің бірінде жолаушылардың ән салып, көңіл көтерген видеосы жарияланды.
«Әуежайдағы жолаушылар ауа райының ашылуын ән айтып күтуде. Боранға байланысты рейстер сағат сайын кешіктіріліп жатыр. Адамдар 9 сағаттан астам тосып отыр», – делінген жазбада.
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ақпаратына сәйкес, 23 наурыз күнгі ауа райына байланысты астана әуежайында 9 рейс кешіктіріліп, тағы 6-ауына ұшуға рұқсат берілмеді.
Атап айтқанда, кешіктірілгендері:
- КС7056 Алматыға 15:20-дан 00:45-ке дейін;
- HY722 Ташкентке 17:00-ден 00:00-ге дейін;
- КС956 Алматыға 17:45-тен 00:10-ға дейін;
- КС31 Актауға 18:15-тен 01:30-ға дейін;
- IQ427 Шымкентке 18:25-тен 03:00-ға дейін;
- КС954 Алматыға 18:55-тен 01:00-ге дейін;
- КС996 Алматыға 20:30-дан 01:20-ға дейін;
- КС992 Алматыға 21:30-дан 01:40-ға дейін;
- КС856 Алматыға 22:35-тен 00:00-ге дейін.