ШҚО тұрғынын WhatsApp-та балағаттаған әйел жауапқа тартылды

ШҚО тұрғынын WhatsApp-та балағаттаған әйел жауапқа тартылды

ШҚО тұрғынын WhatsApp-та балағаттаған әйел жауапқа тартылды
ашық дереккөзі
241
Шығыс Қазақстан облысының тұрғынын WhatsApp мессенджерінде балағаттаған әйел адам жауапқа тартылды. ШҚО бойынша ҚАЖ департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, әйел адам отбасымен бірге пәтер жалдап тұрған. Алайда қарызы көбейіп кеткендіктен көшуге мәжбүр болды. Тұрғылықты мекенжайы болмағандықтан ол өзінің кейбір заттары мен жеке құжаттарын сол үйде уақытша қалдырған. Алайда бірнеше күннен кейін барлық заттары жоғалып кетті. Осылайша пәтер жалдаушы мен үй иесі арасында жанжал шыққан. Сотталушы WhatsApp арқылы бейәдеп сөздер айтылған аудиохабарлама жіберді. Жәбірленуші сол хабарламаны сақтап, сотқа арызданған. «Сот үкімімен кінәлі деп танылған әйел адам 20 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылды. Қазіргі уақытта ол пробация қызметінде тіркеуге алынып, қоғамдық жұмыс істеу үшін әкімдікке жіберілді», - деді пробация қызметінің басшысы Мақсат Манарбеков.  

Серіктес жаңалықтары